Қарусыздандыру – басты мақсат

830
0
Бөлісу:

Кеше EXPO көрмесінде Коста-Рика мемлекетінің Ұлттық күні тойланды. Елдің Сыртқы істер министрлігіне қарасты Сыртқы саясат бөлімінің бас директоры Христиан Гильерме EXPO секілді әлемдік шараға қатысудың Коста-Рика үшін үлкен құрмет екенін атап өтті. Оның сөзінше, табиғатты аялап ұстау Коста-Риканың Латын Америкадағы туристер көп баратын ел болуына жағдай жасап отыр.

– Адамзат баласы үшін ең маңызды нәрсе – татулық пен қауіпсіздік. Қазақстан – ядродан бас тарту секілді аса батыл шешім қабылдаған басты ойыншы­лардың бірі. Мәселен, 1991 жылы Қазақстан Семей полигонын жабу туралы оң шешім қабыл­дады. Мұндай маңызды істе Коста-Рика Қазақстанды қолдай­ды. Біздің ел ядролық қаруға қарсы жаһандық бастамаларды басқарады. Коста-Риканың қару­сыз­дандыру туралы толық құқы­ғы бар мемлекет екенін әлем мойындайды. Қарусыздандыру жолында Қазақстанмен бірігіп, жұмыс істеп, ұрпағымыз үшін маңыз­ды қадам жасай алатыны­мызға сенімдімін, – деді ол.
Қазақстан мен Коста-Рика арасындағы дипломатиялық қатынас 1996 жылдың 1 қаза­нында бекітілді. Денсаулық сақ­тау вице-министрі Ләззат Ақ­таеваның айтуынша, Коста-Рика Республикасының Ұлттық күнін атап өту екі ел арасындағы екі­жақты өзара тиімді ынтымақ­тастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.
– Қазақстанды Коста-Рика мемлекетінің тек саяси, экономи­калық, ғылыми-технологиялық және мәдени дамуы ғана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау саласының дамуы да қызық­тырады. Атап айтқанда, міндетті медициналық сақтандыру, меди­циналық ұйымдардың аккреди­тациясы, медициналық туризм мәселерінің шешілу тәжірибесі біз үшін маңызды, – деді Ләззат Ақтаева.

Бөлісу:

Пікір жазу


*