Судьялар EXPO-ға барды

1207
0
Бөлісу:

Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми бастаған республика судьяларының делегациясы EXPO – 2017 халықаралық көрмесін аралап көрді.

Делегация құрамына еліміздің Жоғарғы сот органының алқа төрағалары, облыстық және оған теңестірілген сот төрағалары, Жоғарғы сот жанындағы сот қызметін қам­тамасыз ету департаментінің, сондай-ақ оның аумақтық және құрылымдық бөлім­шелерінің басшылығы кірді. Мей­мандарды «Астана EXPO – 2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов қарсы алды.
Судьялар мен сот жүйесінің қыз­меткерлері экспозиялық қоры бай қа­зақстандық «Нұр әлем» павильонымен танысты. Қазақстандық ғалымдардың баламалы қуат көздерін (ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика) енгізу жөніндегі әзірленімдері келушілердің айрықша назарын аударды.
Сот органдарының өкілдері Германия, Корея және Қытай павильондарын да аралап көрді.
Астанадағы ЕХРО жаһандық көрмесі аясында «Жапония Ұлттық күнінің» өткізілуіне орай мей­мандар осы елдің көрмесін де зор қы­зығушылықпен тамашалады. Сапар аяғында Қайрат Мәми «Құрметті мей­мандар кітабына» тілек жазды. Тараптар естелік сыйлықтармен алмасты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*