Президент поштасына ағылған ыстық лебіздер

1434
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, өкілді органдардың депутаттарынан, шетелдердің және Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік ұйымдардың жетекшілерінен, зиялы қауым мен дін өкілдерінен, дипломатиялық миссия басшыларынан, сондай-ақ еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардан келіп түскен хаттарда есеп жоқ.

Бұл хаттарда Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ мемлекетаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жолға қою үшін қо­лай­лы ахуал жасау ісіне қосқан үлесіне халықаралық және шетелдік ұйымдардың, дипломатиялық миссиялардың басшы­лары мен өкілдерінің хаттары және же­делхаттарында жоғары баға берілген. Олардың қатарында ҰҚШҰ бас хатшысы Ю.Хачатуровтың, ТМД атқарушы хат­шысы – атқару комитетінің төрағасы С.Лебедевтің, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Сар­кисянның, Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің президенті В.Христенконың, ТМД экономикалық сотының төрағасы Л.Каменкованың, Қазақстан Республикасы Парламентінің ТМД Парламентаралық ассамблея­сындағы және ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясындағы өкілі Х.Бакеновтің, Индонезия Республикасының Қазақ­стандағы елшісі, Астанадағы АСЕАН комитетінің төрағасы Р.Прамононың, Еуропалық парламенттің Орталық Азия елдерімен және Моңғолиямен байланыс жөніндегі делегациясының төрағасы И.Гри­гуленің, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Д.Кролдың, Болгария индустрия­лық қауымдастығы төрағасының орын­басары әрі бас хатшысы М.Попованың, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Т.Анодинаның хаттары бар.
«Бүгінде, «Астана EXPO – 2017» көр­месі жұмыс істеп жатқан кезде Респуб­ликаның даму биігі бүкіл әлемге паш етілді, оны Қазақстанның жоғары рухани және бекзат ақыл қуатына ие кемеңгер ұлы, Украинада аса құрметті Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындап бергені даусыз» деп атап өтті өз құттықтау хатында Бү­кілукраиналық «Украинские летописи» басылымының директоры, бас редакторы Н.Новицкий.
Елбасының өңірдегі ынтымақтас­тықты нығайтудағы және мемлекетаралық кооперацияны күшейтудегі айрықша еңбегі мемлекет және қоғам қайраткер­лерінен, сондай-ақ Ресей Федерация­сының азаматтары мен коммерциялық құрылымдарының өкілдерінен келіп түскен көптеген хаттар мен жеделхаттарда атап өтілген. Бірқатар республикалардың басшылары, атап айтқанда, Татарстан Республикасынан Р.Минниханов, Баш­құртстан Республикасынан Р.Хамитов, Дағыстан Республикасынан Р.Абду­латипов, Ингушетия Республикасынан Ю.Евкуров, сондай-ақ Санкт-Петербург губернаторы Г.Полтавченко, Саратов облысы губернаторының міндетін уақытша атқарушы В.Радаев, Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин, Курск облысының губернаторы А.Ми­хайлов, РЛДП-ның (ЛДПР) РФ Феде­ралдық жиналысы Мемлекеттік дума­сындағы фракциясының жетекшісі В.Жириновский, РФ Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің мүшесі Н.Рыжков, РФ Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының депутаты В.Ресин, Мәскеу және Бүкіл Русь пат­риархы Кирилл, Ингушетияның бұрынғы президенті Р.Аушев, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры А.Торкунов, Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясының бас хатшысы В.Щербаков, «Урал» қайырым­дылық қоры кеңесінің төрағасы М.Ра­химов, Ресей ғылым академиясының мүшесі, Санкт-Петербургтің бас герон­тологі В.Хавинсон, РФ еңбек сіңірген артисі А.Цой, «Курчатовский институты» ғылыми-зерттеу орталығының құрметті президенті Е.Велихов, «Валерий Гергиев қоры» құрылтайшысы В.Гергиев, соны­мен қатар Мәскеу қаласынан Т.Ман­сұров, М.Вайншток, Камчатка өлкесі, Елизово селосынан Т.Дугина, Оңтүстік Сахалиннен М.Артюкевич жылы лебізді құттықтауларын жолдады.

Мемлекет басшысының халықаралық саясаттағы жоғары беделі мен жаһандық экономикалық үдерістердегі рөлін өздерінің құттықтау хаттарында «Еуразия даму банкі» басқарма төрағасы Д.Панкин, «Транснефть» ӨАҚ вице-президенті В.Рушайло, «ВТБ» банк президенті – басқарма төрағасы А.Костин, кәсіпкер А.Усманов, Access Industries ЖШҰ жетекшілері Л.Блаватник және С.Карпухович, «Роснано» ААҚ басқарма төрағасы А.Чубайс, «Газпром» БАҚ басқарма төрағасы А.Миллер, «Автоваз» БАҚ президенті Н.Мор, «Русснефть» ҰК» БАҚ директорлар кеңесінің төрағасы М.Гуцериев, «Сбербанк» БАҚ басқарма төрағасы Г.Греф, «Газпромнефть» БАҚ басқарма төрағасы А.Дюков, «РТЖ» ААҚ президенті О.Белозеров, «КАМАЗ» БАҚ бас директоры С.Когогин, «БПС-Сбербанк» басқарма төрағасы С.Инюшин, «Интер РАО ЕЭС» басқарма төрағасы Б.Ковальчук, «ИТАР-ТАСС» директоры С.Михайлов, «МИР» ХТРК төрағасы Р.Батыршин, «Благотворительный Фонд Помощи Преданным» ЖҚ президенті А.Краснянский, сондай-ақ «ЭНИ» ком­паниясының бас атқарушы директоры К.Дескальци атап өтті.
Қазақстанның жас тәуелсіз мемлекетті құру, этносаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өсімнің жоғары қарқынына қол жеткізу, тарихи қысқа мерзімде әлемнің ең серпінді дамушы мем­лекеттерінің қатарына кіру ісіндегі таңғажайып жетістіктерін еліміздің азаматтары өздерінің көптеген құттықтауларында атап өтеді. Халықтың барлық әлеуметтік топтарын құрай­тын хат авторлары Қазақстан Президентінің жүзеге асырып жатқан экономикалық және саяси бастамаларына бірауыздан қолдау білдіреді және EXPO – 2017 халықаралық көрмесінің орасан зор табысын айрықша атап өтеді. Елбасына ізгі тілектерін білдірген Астанадан «Халық Қаһарманы» М.Алтынбаев, Ж.Ерғалиев, А.Еленов, М.Өтеубаев, Г.Шишов, Т.Қайралапова, М.Сматова, Л.Цедилина, Ж.Әбуова, Л.Завгороднева, В.Яморжина, Е.Ахмеди, Г.Назарова, Н.Келісұлы, Қазақстан­дағы орыс, казак және славян ұйымдары үйлестіру кеңесінің төрағасы Ю.Захаров, Алматыдан «Қазақстанның Еңбек Ері» А.Миразова, Қазақстанның халық артистері Е.Хасанғалиев, М.Ахмадиев, Б.Аюханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері С.Досанов, Б.Хасанғалиев, Ұлы Отан соғысының ардагері С.Жиенбаев, А.Ағыбаев, Е.Тегісбаев, С.Люлина, Т.Қонаева, Г.Жетаева, К.Дәркембаева, Г.Назарова, Колдеевтер отбасы, Ақмола облысынан Б.Ормантаев, Мирамқұлов және Сафоновтар отбасылары, Ақтөбе облысынан М.Маңғазиев, С.Лұқпанов, Ж.Омаров, Алматы облысынан М.Жақашева, Е.Жүнісбеков, Д.Шафхатов, Г.Тұқанова, А.Үсенов, В.Алексеева, К.Рысбаев, А.Сыздықов, А.Нұрқасымова, Л.Гаркуша және Буковтар отбасы, Атырау облысынан Б.Мұсағалиев, С.Нақбаев, Шығыс Қазақстан облысынан О.Қодашев, М.Жақашбаев, Ж.Масалимов, С.Ахметшәріпұлы, Ш.Кенжина, Е.Оразалин, Жамбыл облысынан Б.Апсаматов, А.Дүйсенбекова, Батыс Қазақстан облысынан Орал және Ақтөбе епархиясының архиепископы Антоний,
Т.Құбашев, Б.Маниров, Қарағанды облысынан Р.Курепанова, Б.Серіков, Ж.Сәденов, Қостанай облысынан К.Жилин, М.Бертаев, Д.Махмудов, Қызылорда облысынан О.Бірімжанов, Б.Жұмағалиев, Маңғыстау облысынан Р.Переев, С.Әлиев, М.Күркібаев, Павлодар облысының Д.Ақатаев, С.Басқарин, Солтүстік Қазақстан облысынан С.Володин, У.Мұқатаева, Оңтүстік Қазақстан облысынан А.Асан, В.Андрюков, С.Абдуллаева, К.Юсупов, С.Тәшімбетов, Г.Тұрсынбаев, А.Шайманов, Жолдасовтар отбасылары және басқалар жеделхаттарын жолдады.
«Бүгінде егемен Қазақстанды бей­бітшілік сүйгіш және ырғақты дамушы мемлекет ретінде бүкіл әлем біледі және құрметтейді. Сіз жүргізіп жатқан реформалар еліміз бен біздің халқымызды өркендеуге сенімді бастап келеді. Бітімгершілік миссиялар, «Астана EXPO – 2017» жаһандық көрмесі, жаңа кәсіп­орын­дардың үсті-үстіне іске қосылуы, елдегі келісім мен достық қуатты тұғырнама құрды және тәуелсіз Қазақстанның одан арғы дамуының кепіліне айналды» деп Астанадан жазған Рогалевтар отбасының құттықтауы көптеген хаттар мен жеделхаттардың мазмұнымен үндеседі.
Мәдени, ғылыми, білім беру және басқа да мекемелер мен ұйымдардың ұжымдары өздерінің жолдаған құттықтауларында Қазақстанның табыстары мен жарқын жетістіктерінің Нұрсұлтан Назарбаев есімімен және оның елдің әл-ауқаты мен өркендеуі жолындағы тынымсыз қызметімен тығыз байланысты екенін атап көрсетеді. Олардың қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық уни­вер­ситетінің, Қарағанды мемлекеттік индустрия­лық университетінің, Қазақстан-Америка еркін университетінің, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының, «Егемен Қазақстан» респуб­ликалық газетінің, Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық академиялық кітап­ханасының, Қазақстандық стратегиялық зерттеулер инс­титутының, «Алматы об­лысындағы жобалау, жобалау-іздестіру ұйым­дарының ассоциа­циясы» ЗТҰ ұжымдары және басқалар бар.
KEGOC АҚ, Kazzinc Holdings ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «Рысбаева и Ко» ЖШС, Altyn Tau Company ЖШС-нің еңбек ұжымдары өздерінің құттықтау хаттарында Мемлекет басшысының елдің қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі еңбегін атап көрсетеді.
Сол сияқты, министрліктер мен ведомство басшыларының, облыс әкімдерінің, депутаттық және дипломатиялық корпус өкілдерінің, ұлттық компаниялар мен өзге де еліміздегі мемлекеттік мекемелердің, кәсіпо­рындар мен ұйым жетекшілерінің атынан да көптеген құттықтау хаттар келіп түсті.
Қазақстан Президенті өз атына келіп түскен хаттардың бәрімен мұқият танысып шықты және барлық авторларға құт­тықтаулары мен жылы тілектері үшін алғысын білдіреді.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*