Облыс сотындағы кемшіліктер аталды

1407
0
Бөлісу:

Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысы соттарының 2016 жылғы және 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің жай-күйін зерделеу, оларға практикалық көмек көрсетудің қорытындысы бойынша Жоғарғы сот төралқасының отырысы өтті. Іс-шараны Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми жүргізді.

Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының басқа қызметке ауыс­қандығы ескеріліп, төралқа аталған өңір соттарының қызметі бойынша қаулыны талқылаумен шектелді. Облыс соттарына анық­талған кемшіліктерді ескеріп, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, сот практикасын қорыту және сот қыз­метінің мәселелері бойын­ша талдамалық жұмысты кү­шейту, құқықтық түсіндіру жұмысын жан­дандыру, сот акті­лерінің сапасын арттыру, сондай-ақ басқа да бірқатар шараларды іске асыру ұсынылды.
Қарағанды облысы соттарының қызметін зерделеу бойынша Жо­ғар­ғы соттың қылмыстық істер бойын­ша сот алқасының төрағасы, көш­пелі комиссия бойынша жұ­мыс тобын басқарған А.Рах­мету­лин таныстырды. Бұдан әрі Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Әлімбеков, облыстық соттың алқа төрағалары Р.Нұр­ма­ғамбетов пен Ж.Сейдалина, сон­дай-ақ сот әкімшісі Б.Нұрпейісов сөз сөйледі.
Есепті кезеңде істер санының артуы байқалады. Соттар шамамен 5,5 мың қылмыстық істі қараған, соттарға 101 мыңның шамасында азаматтық іс пен 33 мыңнан астам әкімшілік іс келіп түскен. Жаңа құ­қықтық жағдайлардағы соттар жұ­мысын талдау, соның ішінде, жеңіл­­детіп іс жүргізуді кеңейту, ме­диация мен партисипативтік рә­сімді қолдану арқылы қыл­мыстық және азаматтық сот ісін жүргізу тиімділігінің артқанын көрсетті.
Отырысты өткізу барысында Жоғарғы сот төрағасы Қ.Мәми Қарағанды облысына сапар ба­рысында бұйрықтық іс жүргізу, апелляциялық саты жұмысы, сон­дай-ақ жекелеген сот прак­тика­сының бірқатар мәселелері бойын­ша анықталған сыни ескерт­пелерді атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойын­­ша төралқа тиісті қаулы қабыл­дады. Жалпы алғанда, Шы­ғыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы сот төрелігін жү­зеге асыру бойынша соттардың жұмысы қанағаттанарлық деп та­нылды. Облыстық сотардың төра­ға­ларына, алқа төрағалары мен соттар әкімшілеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүйе­­лер шараларды қабылдау айтыл­ды.
Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*