ХАЛЫҚ АРТИСІНІҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ

1091
0
Бөлісу:

Елбасы халық артисі Әлібек Дінішевті қабылдады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Әлі­бек Дінішев Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытудың қазіргі мәселелері, сон­дай-ақ рухани жаңғыру үдерісіндегі шы­ғармашылық зиялы қауым өкілдерінің рөлі жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы халық артисінің Отан алдындағы, мәдениет саласындағы ең­бегін жоғары бағалап, оның елімізде ға­на емес, шет елдерде де танымал екенін атап өтті.
Қазақстан Президенті мәдениетті да­мытуды мемлекеттік деңгейде қолдаудың маңыздылығына назар аударып, соңғы жылдары осы салада қол жеткізген нақ­ты нәтижелерге тоқталды.
– Қазір еліміздің мәдениет саласы бағ­дарламалық мақаламда айқындалған ба­ғыт­тарға сәйкес дамып келеді. Біз бүкіл әлем­ге паш етілетін туындылар жасауға кі­ріс­тік. Жаңа опера және балет театрын, концерт залдарын салдық, соның бірі «Астана
ЕХРО – 2017» көрмесінің аума­ғында ор­на­ласқан. Бәрі опера және балет театрында өнер көрсеткісі келіп, сонда бару­ды қа­лайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ә.Дінішев Елбасыға мәдениет пен өнерге көрсеткен қолдауы үшін алғыс ай­тып, «Астана ЕХРО – 2017» халықаралық көр­месінен алған әсерімен бөлісті, сондай-ақ отандық өнер әлемінде болып жатқан жаңа­лықтар жөнінде әңгімеледі.
– Сіз елімізде өнердің дамуына зор мән бе­ріп келесіз, жаңа мәдениет нысандары ашы­лып, жаңа шығармашылық ұжымдар құрылу­да. Осының барлығы өнеріміз арқы­лы Қазақстанды әлемге таныту үшін жа­салып отыр, – деді Ә.Дінішев.

Бөлісу:

Пікір жазу


*