«Жасыл экономиканы» қолдау

1250
0
Бөлісу:

EXPO халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының күні өтті. Конференцияға ЭЫДҰ-ның сарапшылары мен қазақстандық үкімет өкілдері қатысты. Басқосудың негізгі тақырыбы – Орталық Азияда су ресурстарын басқару, «жасыл экономиканы» дамытуды қолдау және халықтың тұрмысын жақсарту мәселелері талқыға түсті. Бұған қоса инновацияларды құрастыру, білім беру саласын дамыту және мамандардың біліктілігін арттыру жайы да сөз болды.

Жиын барысында сарапшылар Эко­номикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Қазақстан арасындағы әріптестікті жоғары бағалады. Олардың айтуынша, еліміз дамыған 30 елдің қатарынан көріну бағытында үлкен жұ­мыстар атқарып келеді. ЭЫДҰ хат­шылығының бөлім жетекшісі Уильям Томпсон, ең алдымен, Қазақстан Эко­номикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бірнеше комитетіне мүше атан­ғанын айтып, экономикалық де­пар­таменттің жұмысына белсенді ара­ласа бастағанын назарға алды. «Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның «жасыл экономиканы» дамыту бағдарламасында да Қазақстанға айтарлықтай міндеттер жүк­телген. Осының арқасында сіз­дер­­дің елдеріңіз тәжірибе алмасу жә­не жаңа стандарттарды дамыту ісіне қа­тыса алады. Еліміз ЭЫДҰ-ның ха­лық­аралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар жөніндегі дек­ларация­сын қабылдаған болатын» деп Қазақ­стан­ның маңызына тоқтал­ды.
Сарапшылар «бұл құжат ұйымның басты құралдарының бірі болған­дық­тан, оны қабылдау – Қазақстан үшін аса маңызды» дейді. Қазақстан бұл мә­­­селе бойынша өз есебін қазан айын­да жарияламақ.

Бөлісу:

Пікір жазу


*