Оқу-жаттығу өткізілді

741
0
Бөлісу:

Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Әскери институтының III курс курсанттарымен жауынгерлік оқ атудан роталық-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – инженерлік жаб­дықтауды және тірек пунктін бүркемелеуді ұйым­дастыру, қорғаныс ұрысында штаттық және бекітіліп берілген бөлім­ше­­лердің қорғанысы мен бас­қа­руды ұйымдастыру бойынша рота, взвод және бөлімше командирі лауазымдарында курсанттар­дың практикалық дағдыларын жетілдіру және пысықтау.
Оқу-жаттығудың әзірле­ме­сінде белгіленген оқу-жауын­герлік тапсырмаларды орындау барысында курсанттар танктер­дің, жаяу әскердің ұрыс маши­на­­ларының, бронды траспор­терлар мен қару-жарақтардан оқ атады. Бұл – әскерлерге қызметке орналасқаннан кейін бөлімшелерді басқаруға, әртүр­лі ауқымдағы әскери іс-қимыл­дар және жеке құраммен прак­ти­­ка­лық сабақтарды ұйым­­­дастыру мен өткізуге, сон­дай-ақ өзді­гі­нен маңызды страте­гия­лық шешімдер қа­был­­дауға тура келетін болашақ офицерлер үшін керемет тәжірибе.
Роталық-тактикалық оқу-жаттығуда шынайы жауынгер­лік және тактикалық жағдай жасалды. Әрбір болашақ коман­дир оқу нүктелерінде қорғаныс ұрысын, қорғаныс­тағы байланысты, қару-жарақ­ты пайдалану, сондай-ақ оқ-дәрі­лермен қамтамасыз ету және қорғаныста тамақтануды ұйымдастырудың қыр-сырын меңгерді.

Серік ӘЛІМЖАНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*