Күрделі мәселелерді талқылаған кеңес

1079
0
Бөлісу:

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру аясында Астанада стартап-хаб құру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында ІТ-саласын және ІТ-технопаркін дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасы аясында мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру мәселелері және Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Премьер-министр кеңес қорытындылары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Серік САДЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*