Жастарды жұмысқа орналастырады

1059
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында «Жас Отан» Жастар қанаты «Сәтті қадам» партиялық жобасының екі бағыты – жоғары оқу орындары мен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектері қатарындағы жетім балаларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және оқу орындарын тәмамдаған жастарды мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда 3 ай тағылымдамадан өткізу бойынша жұмысы басталғанын жария етті.
2016 жылы ЖОО мен ТжКБ ұйымдарын 3595 жас маман бітірді. «Сәтті қадам» жоба ая­сында 22 кәсіпорынмен меморандумға қол қойылып, нәтижесінде, 78 түлек жұ­мыс­қа орналастырылған. Жобаның бірінші ба­ғыты бойынша 116 өтініш қабылданып, 40 студент 3 ай тағлымдамадан өтуге жі­бе­ріл­ген. Солардың бірі – Қазақстан Ау­ди­тор­лар палатасының қызметкері Әсемгүл Се­рікбай.
«Қолыма диплом алғаннан кейін, жұ­мыс­қа орналасу мәселесі туындады. Та­ныс­тарым арқылы «Сәтті қадам» жобасы ту­ра­лы естіп, интернеттен қажетті мәлімет ал­дым. Жоба ұйымдастырушылары өткізген ақ­параттандыру семинарына қатысып, өті­ніш қалдырдым. Көп ұзамай, Қазақстан Ау­диторлар палатасынан шақырту түсіп, бү­гінгі таңда өз мамандығым бойынша елі­міздің дамуына еңбек сіңіріп жатырмын» дей­ді ол.
Естеріңізге сала кетсек, партиялық жобаның бірінші бағыты бойынша өтініш қа­былдау мерзімі 25 шілдеге дейін ұзар­тылып отыр.
– «Сәтті қадам» жобасына 4 жыл ішінде 5600 өтініш келіп түсті. 2000 студент тағ­лым­дамадан өтіп, тұрақты жұмысқа тұруға жол­дама алды. Олар қызметке орналас­қан­нан кейін де партияның бақылауында бо­ла­ды. Басқа мекемеге ауысқан жағдайда біз­ге хабарласып, ақпарат беріп отырады. Жа­қында «Нұр Отан» партиясы мен Білім жә­не ғылым, Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау, Дін істері және азаматтық қо­­ғам министрліктері арасында жаңартыл­ған төртжақты меморандумға қол қойылғанын бі­лесіздер. Мұндағы мақсат – Ұлттық бі­рың­ғай тестілеуде шекті деңгейді жинай ал­маған түлектерді оқыту, жұмысқа орна­ластыру. ҰБТ бойынша аз балл жинаған, шығармашылық емтиханнан өте алмаған, сондай-ақ колледжге ілінбеген түлектерге тиіс­ті кеңес беріледі. Негізінен, 18-25 жас аралығындағы жастар қамтылады. Кеңседе отырып кеңес берумен шектелмейміз, жыл бойы қаладағы 38 жоғары оқу орны мен 84 кол­ледждің барлығын аралап шығамыз. Әр ауданға бөлінген «Жас Отан» Жастар қана­тының еріктілері үздіксіз жұмыс істейді. Әлеу­меттік желілер арқылы да насихатты кү­шейтіп жатырмыз. Бұдан бөлек Алматы қа­ласы бойынша кеңес орталығы бар. Әр ауданда орналасқан тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарымен де бірлесе жұмыс атқарамыз. «Жас Отан» Жастар қанатының ресми сайтына кіру арқылы үйден шық­пастан, өтініш қалдыруға мүмкіндік жа­салған. Бізге хабарласқан кез келген өтініш иелері толыққанды ақпарат ала алады. Жоба арқылы бір адамды жұмысқа орна­лас­тырып, маман ретінде қалыптасуына ұйытқы бола білсек, біздің басты мақсаты­мыз­дың орындалғаны, – дейді Алматы қа­ла­лық «Жас Отан» Жастар қанатының тө­ра­ғасы Мәди Ахметов.

 

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*