Ардагерлердің ахуалы зерделенді

773
0
Бөлісу:

Еңселі еліміздің ертеңі  жастарға байланысты. Олар қарт кісілердің ұдайы ақылын  тыңдап, саралап, бағыт-бағдар алып жүруі керек. Себебі, көпті көрген ардагерлер еңбек жолында талай қиындықты жеңіп, түрлі кедергілер мен қиыншылықтардан шығудың жолын тауып, жеңе білген. Сондықтан да ардагерлерге қандай құрмет көрсетсек те, жақсылық жасасақ та артықшылық етпейді. Бүгінгі жас ұрпақтың бақытты өмір сүруі – қазыналы қарттарымыздың қажырлы еңбегінің арқасы.

Жамбыл облысында «Нұр Отан» партиясының Мойынқұм аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» атты партиялық жоба аясында жалғызілікті қарттардың тұрмыстық жағдайын зерделеу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – аудан аумағында тұратын жалғызілікті қарттардың тұрмыстық жағдайын білу. Осы мақсатта партия мүшелері олардың үйінде болып, тұрмыс-тіршілігімен танысты. Адамдар арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді айқындайтын мұндай өнегелі шаралардың маңызы зор.
Іс-шара барысында Амангелді көшесінде тұратын еңбек ардагері, 79 жастағы Тұрсынкүл Садықова мен 70 жастағы Базаркүл Нарымбетоваға жедел жәрдем дәрігері Венера Данбаева мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанттары Жомарт Асанбеков пен Әсем Алпан арнайы барып, қарт кісілердің қан қысымын өлшеп, дәрі-дәрмек егіп берді.
Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Еңбек ардагерлері жастарға өнегелі өмір жолдарынан естеліктер айтып, баталарын берді.

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*