Елбасы – Шығыс Қазақстан облысында

980
0
Бөлісу:

Өткен аптада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына сапары басталды. Осы жұмыс сапары аясында Президент аймақтағы бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен Елбасы құрылыстың зама­науи талаптарына сай салынған «Нұрлы жол» саябағында болды. Аумағы 5 гектар б­о­латын саябақтың ортасында Қазақстан хал­қының бірлігіне арналған монумент бой көтерген.
Қазақстан Президенті облыс аумағында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының нә­тижелері қойылған археологиялық көр­мені аралап көрді. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің әлеуметтік-эко­номикалық көрсеткіштерімен танысты. Өңірдегі этномәдени бірлестіктер және жұртшылық өкілдерімен әңгімелесіп, олар Мемлекет басшысына облысқа ұдайы көр­сетіп отырған қамқорлығы үшін алғыс айтты.
Бұдан кейін Елбасы «Майлы дақылдар­дың тәжірибелік шаруашылығы» жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігінде болып, сүт өнімдерін өндіруге, мал және егін ша­руа­шылығына маманданған мекеменің жұ­мысымен танысты.
Мемлекет басшысы сүт-тауар ферма­сын аралап, онда сауын залы мен сүт қа­был­дайтын цехты көрді. Сондай-ақ Елбасы облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жетістіктерімен танысып, өңірдің шаруаларымен әңгімелесті.
– Шығыс Қазақстан облысы эконо­ми­камыздың аграрлық секторында ертеден қа­лыптасқан берік дәстүрге ие. Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті зор, болашақта бұл салаға деген сұраныс ар­та түседі. Қазір біз үшін Қытай Халық Рес­публикасының орасан зор нарығы ашық, сіздер шығаратын өнім шетелдерге экс­порттала алады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Мемлекет басшысы кездесуге қа­тысушыларға бақ-береке және өндірісте жаңа жетістіктер тіледі.
Айта кетейік, «Майлы дақылдардың тәжі­ри­белік шаруашылығы» ЖШС-і – күн­бағыс дәнін өсіріп-өндіретін шаруа­шы­лық әрі таңдаулы тұқым шаруашылығы мәр­те­бе­сіне ие. Кәсіпорын майлы дақыл­дарды сұрып­таумен және тұқым өсірумен, мүйізді ірі қара малдың асыл тұқымды түрлерін жақ­сартумен, ауыл шаруашылығы өнімін өн­дірумен, сатумен, қайта өңдеу­мен, ғы­лыми зерт­теу жұмыстарының нәти­желерін апро­бация­лаумен және аяқталған ғылыми әзір­лемелерді өндіріске енгізумен ай­на­лысады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*