Испания Королінің Орденімен марапат талды

1015
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Испания Королі VI Фелипенің атынан Католиктік Изабелла Орденін Испания Корольдігі депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор табыс етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Аса мәртебелі Қазақстан Республи­ка­сы­ның Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев мыр­за, жоғары король­дік құрмет ретінде, Сізді Католиктік Изабелла Ор­де­ні­­мен ма­ра­паттаймын» делінген Корольдің жар­­­лы­ғында.
Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фе­липеге және Ана Пасторға жоғары ма­рапаты үшін ри­зашылық білдіріп, Қа­зақ­стан мен Испания ара­сын­да сенімді әрі достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті.
– Біз тәуелсіздігіміздің алғашқы күн­дері­нен бас­тап Испания Корольдігімен бай­ланыс орнатып, өзара сенімді екіжақты қа­рым-қатынастарға қол жеткіздік. Осы жыл­дар ішінде Испания Қазақстанға өз қолдауын көрсетіп келеді. Испания Королі VI Фелипе Қазақ­стан­ға ресми сапармен ке­ліп, EXPO – 2017 халық­аралық көрме­сінің ашылуына қатысты. Бұл біз үшін зор мәртебе, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сая­сатта жә­не экономиканың түрлі сектор­ларында Испаниямен же­місті ынтымақтас­тықты жалғастыруға ниетті екенін айтты.
Рәсім соңында Қазақстан Президенті Ис­пания Королі VI Фелипеге шынайы риза­шылығы мен жылы ле­бізін жеткізуді сұра­ды және Испания халқының игі­лігі үшін атқарып жатқан қызметіне табыс ті­леді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*