Ұстанымымыз ұқсас, байланысымыз бекем

1023
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испания Корольдігі депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастормен кездесті.

Елбасы елімізге сапармен келіп, EXPO – 2017 халықаралық көрмесінде Испания павильонының ашылуына қатысқаны үшін А.Пасторға алғыс айтты.
– Көрмеміздің ашылу салтанатына 17 шет мемлекеттер және үкіметтер басшы­лары­мен бірге, Испания Королі VI Фелипе де қатысқан болатын. Біз осы іс-шара ая­сын­да жүздестік. Аса мәртебелі Испания Королі Қазақстанға қызығушылық таны­тып, бірқатар іскерлік кездесу өткізді, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев елдеріміз ара­сында екіжақты достық қарым-қатынас ор­­нағанын, экономика мен саясаттағы бай­­ланыстарымыз жемісті дамып келе жатқанын айтып, халықаралық күн тәр­тібін­дегі мәселелер бойынша ұстанымдары­мыз ұқсас екеніне тоқталды.
– Қазақстанға сапары кезінде аса мәр­те­белі Испания Королімен бірге Испа­ния­ның іскер топтар өкілдері мен үкімет мү­ше­ле­рі келді. Олар Қазақстандағы әріп­­тестерімен жемісті келіссөздер өткізді, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Испания Королі
VІ Фе­липе мен үкіметіне жоғары марапаты үшін жылы лебізін білдіріп, Король І Хуан Карлос пен оның жұбайы София пат­шайым­ға амандық және табыс тіледі.
Испания Корольдігі депутаттар конг­ресі­нің төрайымы мемлекеттеріміз арасын­да достық қарым-қатынас орнағанын ай­тып, Испания делегациясына дәстүрлі түр­де қонақжайлық көрсеткені үшін риза­шылық білдірді.
– Сіздің еліңізді дамыту мен өркен­дету жолындағы қызметіңіз, күш-жігеріңіз туралы алғаш рет Испания Королі І Хуан Кар­лостан естідім. Дәл сол кезде Испания Королі І Хуан Карлос Қазақстандағы әріп­тестерімізбен іскерлік байланыстар орнату қажеттігін айтқан болатын. Бүгінде Қазақ­стан сіздің арқаңызда зор табысқа қол жет­кі­зіп отыр, – деді Ана Пастор.
Бұдан бөлек Испания Корольдігі депу­таттар конгресінің төрайымы Қазақстан Президентіне Испания Корольдігі отба­сының шынайы лебізін жеткізді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*