Сенатор «Азғыр» полигонында болды

1226
0
Бөлісу:

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысындағы сапары барысында Ресей шекасындағы Азғыр ауылдық округiнде болып, өңір тұрғындарымен кездесті. 

Сондай-ақ сенатор бірқатар мем­лекеттік органдардың өкілдерімен бірге Кеңес Одағы кезінде 17 жерасты ядролық сынағы өткізілген «Азғыр» полигонын үстінен тікұшақпен ұшып қарап шықты.
Депутат пен іс-шараға қатысушылар Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан «Балқұдық» бақылау-өткізу бекетіне барды. Тұрғындармен «Балқұдық» ауылдық мәдениет үйiнде өткен кездесуге Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев, Құрманғазы ау­данының әкімі Бибоз Шаяхметов, бірқатар министрліктер мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекаралық қызметінің өкілдері қатысты.
Шара барысында өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына байланысты Жол картасының орындалуы туралы мәселе қаралды. Сонымен бiрге, Балқұдық-Қарабалы шекарадан өту орнын екіжақты автомобиль өту пунктiне ауыстыру туралы атқарылған жұмыстар талқыланды.
Өңір тұрғындарымен кездесу бары­сында әлеуметтік мәселелер, оның ішінде ауызсу тапшылығы да сөз болды. Аймақ тұрғындары су құбырын салуды аяқтау туралы талаптарын жеткізді.

Серік САДЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*