Жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

1113
0
Бөлісу:

Елбасы Н.Назарбаев Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Мемлекет бас­шысы Қорғаныс және аэро­ғарыш өнеркәсібі ми­нистр­лігінің негізгі мақсаты озық ғылыми-техникалық жетіс­тіктер негізінде Қазақстан әскері үшін қару-жарақ жасау, аэроғарыш қызметін дамыту, киберқауіпсіздікті қам­тамасыз ету екеніне назар аударды.
– Қазір бұл министрліктің құзы­рында бұған дейін түрлі ведомствоның қарауында болған салалар бар. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі озық инновация­лық әзірлемелерді бірінші болып қолданып келе жатқан мемлекеттік органдардың қатарында, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қорғаныс және аэроғарыш өнер­кәсібі министрі Қазақ­стан Президентін атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен осы саладағы орта мерзімді перспек­тивадағы жоспарлар жөнінде хабардар етті.
– Министрлік сіздің «Қазақ­станның үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолда­уыңызды жос­парлы түрде іске асырып келеді. Нақты нәти­желерге қол жеткіздік. Сон­дай-ақ қорғаныс кешені мен өнімді экспорттау кә­сіп­орындарын технология­лық жаңғырту жөнінде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта мемлекеттік қорғаныс тапсырысы әзірленіп, іске асырыла бастады, – деді Б.Атамқұлов.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қорғаныс-өнер­кәсіп кешені мен аэроғарыш қызметін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*