Америкалық қонақты қабылдады

1158
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Атлантикалық кеңес президенті Фредерик Кемпті қабылдады.

Қ.Тоқаев ықпалды американдық талдамалық орталықтың басшысымен әңгіме барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Спикер Ақ үйдің жаңа әкімшілігімен Астананың арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ядролық қауіпсіздік, сауда-экономикалық және инвестиция­лық ынтымақтастық, терроризмге қарсы күрес, сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелер деп санайды.
Тараптар Орталық Азиядағы халық­аралық жағдайды және аймақтық қауіп­сіздік мәселелерін талқылады.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*