ПРЕЗИДЕНТ ЕЛОРДАНЫҢ КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

1451
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев елордамыздың символына айналған, қайта жөндеуден өткен «Бәйтерек» монументінде болды.

Күрделі жөндеуден соң ғима­раттың ішкі кейпі өзгерген. Атап айтқанда, монументтің күмбезі мен бағанасына жылуды сақтауға әрі оған жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік беретін энер­гия үнемдегіш жаңа шыны па­кеттер орнатылған. Монументтің холына үлкен LED экран қойылды.
Сондай-ақ Пре­зидент «Нұржол» бульварында ашық аспан ас­тында өтіп жатқан жыл сайынғы ха­лықаралық ASTANA ART FEST мәдени фес­тивалін­дегі экспозициялармен та­нысты.


Фестивальде Қазақстан, Ресей, Фран­ция, Украина, Испания, АҚШ, Германия, Армения, Жапония және Өзбек­стан елдерінен келген 60-тан астам автордың туындылары көп­шілік назарына ұсы­нылды.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Кенесары ханға арнал­ған ескерткіштің жанында ор­наласқан «Арбат» жаяу жүр­гінші жолымен жүріп өтті. Онда Мем­лекет басшысы Қазақстан қолөнер­шілері теріден, киізден, саз балшықтан және ағаштан жасаған бірегей бұйымдарды көріп, көше музыканттарының өнерін тамашалады.
Осы жерде елордадағы «Са­рыар­қа» ау­данының әкімі Мем­лекет басшысын аудан инфра­құрылымын одан әрі дамыту жоспарымен таныстырды.
Қазақстан Президенті елорда тұрғын­дары және қонақта­рымен әңгімелесті, сондай-ақ барша жұртты келе жатқан Астана күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Есіл өзе­нінің жағасын­да лазерлік шоуды та­машалады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*