Алматыда тегін гольф үйрену сабақтары басталды

1088
0
Бөлісу:

Алматыда «Нұртау» бірінші қазақстандық гольф-клубы  мен Алматы қаласының әкімдігі бірлесіп, 6 жастан 13 жасқа дейінгі жасөспірімдерді алғаш рет тегін гольф ойнауды үйретпек.

Кәсіпқой бапкерлер күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін, топтарға бөлінген балалар арасында шеберлік сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар, қатысушылар өздеріне ыңғайлы уақыт пен күнді таңдап, аптасына екі рет бір сағаттан жаттыға алады. Жаттығулар жүгіру мен шынығудан 8:45 таңертеңнен басталады. Ал келесі топтар 10:00, 14:30, 15:45 и 17:00 уақыттарында келе алады.

– Сабақтар ақысыз өткізіледі. Біз барлығын керекті жабдықтармен өзіміз қамтамасыз етеміз. 6-13 жас аралығындағы жеткіншектер бізге келіп, гольф ойынының әдістерін меңгере алады. Қазірдің өзінде біздің бағдарламаға 300 бала түрлі қала аудандарынан келіп, қызуғышылығын танытып жатыр. Біз қатысушылар санын көбейтпекпіз, мақсатымыз гольфты елге таныту. Қаланың барлағын қамтып, жақсы ойыншыларды іріктейміз. Алдағы уақытта атқарар жұмысымыз да, мақсатымыз да аян, – деп атап өтті балалар академиясының бас бапкері Александр Вонгай.

Сонымен қатар, оның айтуынша, гольф еліміз үшін жас спорт түрі, енді ғана дамып келеді. Алайда, елімізде жастар үлгі тұтарлық гольф шеберлері аз емес. Мәселен, халықаралық сайыстардың чемпионы Дәулет Тілеубаев. Ол қазір АҚШ-та жаттығып жатыр. Сонымен қатар, ол гольфтың барлығына қолжетімді екенін де айта кетті:

– Балаларға гольф өте ұнайды. Бірінші күннен жақсы нәтиже көрсететіндер де бар. Алайда, қала тұрғындарының көбісі гольф тек ауқатты адамдарға арналған деп ойлайды. Мен мұны жоққа шығарамын. Баскетбол, футбол кез келген спорт түрі қаржыны қажет етеді. Бұған дейін, біздің бағадарлама бойынша, гольф секциясы әйгілі спорт түрлерінен қымбат емес. Жоғарыда аталып өткен жас санаттары бойынша, екі апта сайын турнирлер мен кубоктар өткізіледі. Бағдарлама үш ай бұрын іске қосылғалы бері, біз жақсы нәтижелерді байқадық, – деп толықтырды Александр.

Қазір әр топта 13-15 балалар жаттығады. Бұл бағдарлама бойынша әрбір жеткіншек дресс-код ережелерін қатаң түрде сақтап, тәртіпті болуы қажет. Шеберлік сабақтары жаттығылардан, дене шынығуынан басталады. Одан кейін гольф әдістерін меңгере бастаймыз. Гольф – стратегиялық ойын, оны «шөптегі шахмат» деп те атайды.

Гольф – спорттық ойын, 2016 жылы Олимпиада ойындарына енгізілді.

– Мен бүгін алғаш рет осында келдім. Маған өте ұнады. Жаттықтырушы бізге қалай ойнауды, барлық ережелерді түсіндірді. Әрімен қарай да келіп, үйренемін, – деп бөлісті алты жасар Айша Тұрғынбай. Маған да бұл ойын өте ұнады, – деп қосылды Антон Цыбулин. Гольф – шыдамдылықты қажет ететін спорт түрі, мұнда жаттыққанның өзі бір ғанибет. Осы бағдарлама туралы анамнан естідім. Бір ай ішінде көптеген әдістерді меңгердім, – әсерімен бөлісті ол.

Айта кетсек, бағдарлама Қазақстанда гольфты дамытуға бағытталған, және де осы жылдың қазан айына дейін жалғасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарламаны жылдың соңына дейін жалғастыру жоспарда бар. Сондай-ақ, баскетбол, футбол және волейбол танымал спорт түрлері сияқты гольфты да мектеп бағдарламасына қосамыз деген ойдамыз.

– Балаларыңызды осы бағдарламаға тіркеу үшін 3 те 4 сурет пен мединалық анықтама ғана қажет. Мен үш баланың анасымын. Олар жазғы демалысын тиімді өткізуі үшін барлығын гольфқа беруді шештім. Бағдалама керемет, жаттығулар уақыты да ыңғайлы, – дейді қатысушылар анасы Раушан Софиева.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

 

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*