Жасыл желек – еліміздің тынысы

1541
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың айналасындағы жасыл аймақты тікұшақпен аралап, оған қырғауылдар мен еліктер жіберудің дәстүрлі шарасына қатысты. Сондай-ақ іс-шара соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.

Қазақстан Президенті бүгінде Астана маңындағы 80 мыңға жуық гектар жерге ағаш отырғы­зыл­ғанын және 2020 жылға қарай оның аумағы 100 мың гектарға жететінін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл желектегі» жан-жануарлар мен өсімдік әлемінің әртүрлілігіне назар аударып, ағаш егуді көбейту жөніндегі жоспарлар туралы айтты.
– Ғалымдар мен орманшы­ларға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіремін. Бұл жерде ағаш өсіру оңай шаруа емес. Қазір мұнда үлкен орман алқабы пайда болды. Астананың айналасын­дағы орман кеңістігі жан-жануар­лар мен құстар емін-еркін мекен ететін табиғи алқапқа айналды, – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы қала маңын­дағы орман алқабы елор­даның қолайлы климатын қалып­тастырып, экологиясын жақсар­туда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Сонымен бірге, Қазақстан Президенті орман алқабының аумағында рекреациялық аймақ салу нәтижелеріне тоқталып, «жа­сыл желекті» «еліміздің ты­нысы» деп атады.
– Адамдар осы жерде қанша жыл өмір сүрсе, орманымыз да сон­ша уақыт тұрады. Бұл – елі­міздің байлығы. Астанада
EXPO – 2017 халықаралық көр­месі өтіп жатыр. Ол «жасыл даму­дың» қа­ғидаттары мен идеясын ұс­тана­тын қала ретінде Астана­ның имиджін нығайтуға септігін ти­гізеді. Елорда ішіндегі саябақ­тар да белсенді түрде жақсарты­луда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы болашақ ұрпақты, өз елінің нағыз патриоттарын тәр­биелеп өсіруде табиғатты сақтау­дың және туған жерді құрмет­теудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*