Жиырма күнде – жарты миллион

1207
0
Бөлісу:

EXPO – 2017 көрмесін тамашалауға 20 күнде жарты миллионнан астам адам келді. 2017 жылдың 29 маусымында кешкі уақытта халықаралық мамандандырылған көрменің бес мыңыншы келушісі тіркелді. 
Көрменің алғашқы аптасында күн­делікті қонақ саны орташа есеппен 22 840 адам болса, 29 маусымда келушілердің саны 36 000-нан асты.
Бұған дейін алғашқы болжамдарға сүйене отырып, халықаралық маман­дандырылған EXPO – 2017 көрмесінің тамашалаушылар саны 2 000 000, ал кіріп шығу көрсеткіші шамамен 5 000 000 болады деп хабарланған болатын.
Жаһан жұртшылығы көз тіккен ха­лықаралық EXPO – 2017 көрмесі Қазақ елінің абыройын асқақтата түсетіні анық. Тіпті қазірдің өзінде жас қала Аста­наның сәулеті миллиондарды там­сандыруда. Әрине, «Ұлы Жібек жолымен» өтетін қала – Батыс пен Шы­ғысты тоғыстырып, Еуразия жүрегінен алтын орын алған шаһар.
Айтпақшы, EXPO-дағы еріктілердің алғашқы легі өз жұмысын аяқтады. Көр­менің ойдағыдай өтуіне еріктілердің атқарар қызметі орасан зор. Аймақтардан келіп, бір ай бойы көрмеде қызмет еткен 1500 жас азамат үйлеріне қайтты. Алматы мен Астанадан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облысынан келген белсенділер көрме жұмысының жемісті өтуіне атсалысты. Енді оларды басқа өңірдің жастары алмастырады. Жалпы EXPO көрмесіне ел бойынша арнайы 6 мың ерікті дайындалып, олардың 4,5 мыңы іріктеліп алынды. Бұдан бөлек маңызды шарада 23 мемлекеттен келген 50 шетелдік ерікті қызмет етеді.

 

Ақбота ИСЛӘМБЕК

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*