Жаңа сенаторлармен кездесті

1176
0
Бөлісу:

Жоғарғы палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбіде өткен Сенат де­пут­ат­тары сайлауында сай­ланған жаңа сенаторлармен кездесті.

Қ.Тоқаев аймақтардағы мә­слихат депутаттары мен халықтың оларға көрсеткен сенімнің жоғары деңгейін атап өтіп, Сенаттың жаңа мүшелерін құттықтады. Спикер олардың түрлі салалардағы еңбегі барысында жинақтаған мол тә­жірибелері Парламентте табысты қызмет етуінің кепілі боларына сенім білдірді.
– Келесі сессияда алдымызда қауырт жұмыстар күтіп тұр. Ең алдымен, Елбасының саясатын заңнамалық тұрғыдан қолдау және жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан кешенді жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Жалпы, бүгінгі күні Парламент қарауында 30-ға жуық заң жобасы бар, – деді Қ.Тоқаев.
Ол жаңа депутаттарды палата жұмысының ерекшеліктері туралы хабардар етті және келесі сессияда Парламент пен Сенат регламентіне түзетулер енгізу жоспарланып отырғанын еске салды.
Сол күні Қ.Тоқаев өкілеттілік мерзімі аяқталған сенаторлармен де кездесті. Спикер заң шығару қызметіне үлкен үлес қосқаны, ел өміріндегі әлеуметтік-эко­но­микалық және саяси өзгеріс­терге белсенді қатысқаны үшін парламентшілерге алғысын біл­дірді. Кездесу соңында олар Сенат төрағасының Алғысхатымен және Сенаттың Құрмет грамота­сымен марапат­талды.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*