Қазақстан рейтингін жақсартады

1096
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Doing Business мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиын барысында заңнамалық бастамалардың жаңа топтамасы, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу» рейтингіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бағытында Үкімет қолға алып жатқан басқа да бірқатар шаралар талқыланды.

Аталған жұмыс барысында Үкімет 7 кодекске және 9 за­ң­ға енгізілетін түзетулер топ­тамасын қалыптастырды. Өзгерістер 9 индикатор бойын­ша қарастырылады. Бұлар – «Кәсіпорынды ашу», «Құрылысқа рұқсат алу», «Электрмен жаб­дықтау жүйесіне қосылу», «Ке­лісімшарттардың орындалуы», «Халықаралық сауда», «Ми­норитарлы инвесторларды қорғау», «Төлем қабілетсіздігін шешу», «Кредит алу» және «Меншікті тіркеу».
Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы Б.Сағынтаев министрліктер мен ведомстволарға қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, олар ара­сында «АСТАНА 1» ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, экспорттық-импорттық операциялар бойынша «бірыңғай терезенің», сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілдігінің бірыңғай тізілімінің жұмыс жасауы, екінші деңгейлі банктердің және сақтандырушы ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің «элек­тронды үкімет» порталымен кірігуі бар.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*