Сарапшылармен ақылдасты

1212
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді.
Отырыс барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында салық саясатын жетілдіру мәселелері талқыланды, сондай-ақ «Қазақстанның Ұлттық технологиялық бастамасы» атты 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жобасы қаралды.
Отырыс аясында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сөз сөйледі. Бұдан өзге, сараптама қауымдастығының өкілдері, атап айтқанда, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы С.Мәдиев, Oil Gas Project
ЖШС директоры Ж.Ахметов, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж.Күлекеев, «Астана» Халықаралық қаржы орталы­ғының басқарушысы Қ.Келімбетов, «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Ү.Шаяхметова, «Стратегиялық бастамалар орталығының» аға серіктесі О.Құдайбергенов, «Ракурс» экономи­калық талдау орталығы қоғамдық қорының директоры О.Жандосов, «Қоғамдық проблемаларды талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры М.Махмұтова, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А.Мырзахметов және басқалары өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрлігіне сарапшылардың ұсы­ныстарын зерттеуді және жұмыста ескеруді тапсырды.
Осы күні Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Kazakh Invest ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Kazakh Invest қызметінің 2017-2018 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары қаралды, соны­мен қатар ұйымдастырушылық сипатқа ие бірқатар мәселелер талқыланды.
Kazakh Invest ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Kaznex Invest экспорт және инвести­ция­лар жөніндегі ұлттық агенттігінің не­гі­зін­де ел Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы №100 қаулысына сәйкес құрылды. Kazakh Invest-тің негізі міндеті – Қазақстан Үкіметі атынан ірі инвесторлармен және мақсатты трансұлттық компаниялармен бірегей келіссөз жүргізуші ретінде іс-қимыл жасау.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*