ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖАҚСАРАДЫ

1119
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады.

Елбасыға биылғы сәуір айында Астана қаласын дамытуға арналған кеңесте бе­рілген тапсырмалардың орын­далуы туралы есеп беріліп, қала­дағы құқықтық тәртіпті қамта­масыз етуге және инфра­құрылымды жақсар­туға қатысты атқа­рылып жатқан жұ­мыстар жөнінде мәлімет ұсынылды.
Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұр­ғындары санының артып келе жат­қанына назар аударып, балабақша­лармен және мектептермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қа­жеттігін атап өтті.
– Тұрғындар саны артып келеді. Бұл ретте, көші-қон үдерісін ерекше бақы­лауға алу қажет. Елордада мемлекеттік бағдар­ламамен тұрғын үй беру жүйесін жөнге келтіру де маңызды, – деді Мемлекет басшысы.
Астана қаласының әкімі Қазақстан Президентіне елорданы дамытудың бірқа­тар экономикалық индикаторлары өскенін айтты, сондай-ақ қала тұрғын­да­рының өмір сүруінің орташа ұзақ­тығы 75 жасқа жет­кенін атап өтіп, әлеу­меттік сала оң қар­қынмен дамып келе жатқа­нына тоқталды.
Ә.Исекешев Елбасыға аналар өлімі және өкпе ауруы деңгейінің төмен­дегенін айтты.
Сонымен бірге, Астана қаласының әкімі «Талдыкөл» ағын су жинақтау­шысы орналасқан жердің құнарлығын қалпына келтіру, жауын су ағатын кәріз жүйесін және жол-көлік инфрақұры­лымын жетіл­діру бағытында қабылдан­ған шаралар жөнінде есеп берді.
Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған шаралардың нәтижелерін оң бағалап, елорданы дамыту жөніндегі жұмыстар­ды жалғастыруды тапсырды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*