Астана туристерінің әлеуеті қандай?

1517
0
Бөлісу:

Астанада EXPО – 2017 халық­аралық мамандандырылған көрмесі аясында «Туризм және болашақ энергиясы: СО2 қалдықтарын азайту» атты дүниежүзілік конференция өтті. Жиында Астананың туристік әлеуетіне баға берілді.

Ауқымды шараға туризм сала­сындағы көшбасшылар қатысты. Мәселен, БТҰ бас хатшысы Талеб Рифаидың айтуынша, әлемдегі қоршаған ортаның ластануына аз болса да туризм зиян келтіреді.
«Біздің міндет – көміртек қалдықтарын азайтуды ойластыру, себебі, туризм климаттық өзгерістерге бейімделіп отыру керек. Мәселен, туристердің ең сүйікті демалыс орнына айналған Мальдив аралдары мен Венеция сынды қалалар келешекте су астында қалуы ғажап емес. Бүкіл әлем болып осындай маңызды мәсел­елердің шешімін табуға тырысуда­мыз» дей келе Астана қаласының туристік ахуалына назар аударды. Оның пікірін­ше, елорданың ар­хитектурасы туристік мүмкін­діктерге жол ашады.
Өз баяндамасында Астана қала­сының әкімі Әсет Исекешев туризмді дамыту бойынша әзірленген медиа-жоспармен таныстырды.
«Құжатта туризмді дамытудың 3 не­гізгі бағыты айқындалған – іскерлік туризм, қаланың рекреация­лық инфрақұрылымы және меди­циналық туризм.
2020 жылға қарай Астананы Еуразия кеңістігіндегі туристер үшін ең тартымды қа­ла жасау міндеті тұр. Астана – түрлі фо­рум­­дар мен саммиттер, іскерлік кездесу­лер мен мәдени-спорттық шараларды өткізетін басты орталықтың біріне айналуы тиіс. Ол үшін қалада барлық ин­фрақұрылым жасал­ған: әуежай, темір жол вокзалы, қонақүйлер мен басқа нысандар қонақтар­ды қарсы алуға дайын. Шетелдік туристер санын жы­лы­на 1 миллионға дейін, ал қа­зақстандық қо­нақ­тардың үлесін 2 мил­лионға дейін жет­кізу жоспарда бар» деді шаһар басшысы.

 

Мира АЙМАХАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*