Байланыстарды кеңейтуге үндеді

1217
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийяртомен кездесті.

Қ.Тоқаев Мажарстанның EXPО-2017 халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін ризашылығын жеткізді және «жасыл» технологиялар саласында елдің тәжірибесі көрменің табысты өтуіне маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.
Сенат спикері екі мемлекеттің заң шығарушы органдары арасындағы ынты­мақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті және алдағы уақытта да парламен­таралық байланыстарды кеңейте түсуге үндеді. Кездесу барысында сауда-эконо­микалық және гуманитарлық байланыс­тарды дамыту жайы, сондай-ақ халық­аралық күн тәртіптегі өзекті мәселелер талқыланды.
Сол күні, Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасановты қабылдады.
Спикер ұлттық спорт пен жастар аума­ғындағы ынтымақтастыққа арналған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің алтыншы саммитіне дайындық туралы хабардар болды. Жуырда өтетін Түркі тілдес елдер басшыларының кездесуі бауырлас елдер арасындағы ын­тымақ­тастықты тереңдетуге серпін беретініне тараптар сенім білдірді.
Қ.Тоқаев Р.Гасановқа Түркі кеңесінің Бас хатшысы ретінде белсенді жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді. Кеңестің келесі Бас хатшысы етіп қа­зақстан­дық өкілді сайлау жоспарланған.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*