ЕЛБАСЫ ГҮЛМЕН КЕЗДЕСТІ

1413
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республи­касының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысы Қа­зақстанның соңғы жылдары жеткен же­тістіктері мен елімізде іске асырылып жатқан маңызды жобалар жөнінде айтты.
– Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымы­ның саммитін өткіздік. Қазір Астанада EXPО – 2017 халықаралық көрмесі өтуде. Оған өздерінің ұлттық павильондарын ашу үшін түрлі мемлекеттердің басшылары келіп жатыр, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республи­касының бұрынғы президентінің екіжақты байланыстардың нығаюына зор үлес қосқанын атап өтіп, оның Қазақстан халқына деген құрметі үшін ризашылық білдірді.
Абдулла Гүл Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға жұмсаған күш-жігерінің маңызды екенін айтып, еліміздің Сирия қақтығысын реттеудегі қадамдарын жоғары бағалады.
Мемлекет басшысы Түрік Республика­сының бұрынғы президентін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.

Ершай ӘЗІРЕТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*