Шетелдік инвесторларды қабылдады

1226
0
Бөлісу:

Шетел инвесторлары кеңесінің 30-пленарлық отырысының жұмысы аясында Қазақстан Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабар­тимен, вице-президент Дивакар Гупта бастаған Азия даму банкінің өкіл­дерімен және «Ресей Сбербанкінің» басқарма төрағасы Герман Грефпен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында қаржы, инфра­құрылым, ауыл шаруашылығы, кәсіп­кер­лік, «Жаңғырту 3.0» іске асыру аясында эко­номиканың базалық салаларын тех­нологиялық жаңарту жобаларын қаржы­ландыру саласындағы алдағы ынты­мақ­тастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Қазақстанға арналған ЕҚҚДБ қыз­метінің жаңа стратегиясы, Қазақстанға ар­налған АДБ серіктестігінің 2017-2021 жыл­дарға арналған жаңа Елдік стратегиясы және Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының 2030 жылға дейінгі стратегиясы жобаларына ерекше көңіл бөлінді.
Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев трансұлттық корпорациялардың өкіл­дері­мен ынтымақтастықты одан әрі дамы­ту мәселелері бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Премьер «Лукойл» ЖАҚ президенті В.Алекперовпен, Cameco канадалық ком­паниясының президенті Т.Гитцелмен, Royal Dutch Shell Plc бас атқарушы ди­рек­торы Б.Берденмен, Exxon Mobil вице-пре­зиденті М.Альберспен, «РУСАЛ» БК бас директоры В.Соловьевпен, General Electric Oil&Gas бас директоры Л.Симонеллимен, ENI бас атқарушы директоры К.Дес­каль­цимен, «Полиметалл» ААҚ төрағасы И.Финогеновпен, Еуропа, Африка және ТМД елдері бойынша Marubeni өкілі Н.Ивашитамен кездесті.
Кездесулер барысында мұнай-газ, энергетика, тау-кен өндірісі, металлургия, сондай-ақ машина жасау салаларында ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*