Графен – ғажайып материал

1238
0
Бөлісу:

EXPO – 2017 қалашығында болашақтың ғажайып материалы таныстырылды. Әлемдегі ең төзімді, тоқ өткізгіштігі ең жоғары графенді британ өнертапқыштары ойлап тапқан.

2004 жылы Манчестер универ­ситетінің ғалымдары графенді графитті үгіттеу арқылы алған бо­латын. Ғылымға қосқан осы үлесі үшін 2010 жылы Нобель сыйлығын иеленді. Электр шамдары үшін таптырмас материал шыныны қыздырмайды әрі 8 жыл бойына жанып тұратын қасиетке ие. Құді­рет­тілігі де сол, адамның шашынан да жіп-жіңішке графенмен небір ауыр заттарды көтеруге болады.
Британия ғалымдарының ай­туынша, графеннің барлық салада, әсіресе, медицина, ғарыш, элек­троника саласын дамытуда мүм­кіндігі зор. Оның көмегімен ұялы телефондар мен компью­терлерді жылдам жұмыс істетуге болады. Қазіргі таңда АҚШ-тың алпауыт компаниялары өз өнімдерін жа­сауда графенді пайдалану үшін барынша күш салуда.
– Назарбаев университетінің ғалымдарымен пікір алмасып, олардың графенге деген қызығу­шылығын байқадық. Бұл мате­риалды көпсалада қолдануға бола­ды. EXPO – 2017 көрмесін өткізіп жатқан Қазақстан үшін де оның пайдалы тұстары болары сөзсіз, – дейді Манчестер уни­верситетінің профессоры Иэн Коттон.
Оның пікірінше, «болашақтың материалы» аталып кеткен гра­феннің мүмкіндігін көпшілік біле бермейді. Бұл материал қазірдің өзінде көптеген салада теңдесі жоқ өнім ретінде бағаланады. Әлемдегі ең жеңіл әрі берік материал энер­гия жинақтау қасиетіне де ие. Оның көмегімен сутектен қуат көзін алатын арнайы құрылғылар жасап, ғаламат қуат көзіне ай­налдыруға болады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*