Бірлескен жобаларды талқылады

1178
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті.

Кездесу Шетелдік инвес­торлар кеңесінің пленарлық отырысы басталар алдында өтті. Келіссөз барысында та­рап­тар инвестициялық ынты­мақ­­тас­тықтың одан арғы перс­пек­тива­сын және бірлескен жоба­ларды іске асыру мәселесін талқы­лады.
Мемлекет басшысы бүгінде банк тарапынан Қазақстандағы инфра­құрылымдық жобаларға, шағын және орта бизнес сала­сы­на ауқымды ин­вестиция са­лын­ғанын, сондай-ақ экономи­калық өзара қарым-қаты­насты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
С.Чакрабарти Н.Назарбаев­қа жұ­мыс кесте­сінің тығыздығына қара­мастан, кез­де­суге мүмкіндік жаса­ғаны үшін алғыс айтты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*