Елші Елбасыға алғыс айтты

1121
0
Бөлісу:

Кеше Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дэсик Кимді қабылдады.
Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастық­тың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу кезінде Н.Нығматулин мен Корей елшісі «ЭКСПО – 2017» тақырыбының өзектілігін атап өтті.

Мәжіліс спикері «Корея Қазақстанның Шығыс Азиядағы стратегиялық маңызды серіктестерінің бірі» болып табылатынын және екі мемлекеттің өзара саяси қарым-қатынасының белсенді сипатқа ие екенін атап өтті.
Н.Нығматулиннің мәлімдеуінше, Қа­зақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың 2016 жылдың қарашасындағы Сеулге сапары жаңа стратегиялық серіктестіктің келешегіне жол ашты.
Өз кезегінде оңтүстіккореялық дип­ломат Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елді өркендетуге бағыт­тал­ған сарабдал саясатының нәтижелілігіне назар аударта келе, корей диаспорасына деген ықыласы мен қамқорлығы үшін Қа­зақстан көшбасшысына алғысын біл­дірді. Ол Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО – 2017» көрмесіне арқау болған «Болашақ энер­гиясы» тақырыбының өзектілігін және маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ Оң­түстік Кореяның өндіріс саласындағы, электр энергиясын сақтау және пайдалану, «жасыл энергетика» мен жаңғыратын қуат көздері салаларындағы инновациялық мүмкіндіктеріне тоқталды.
Дэсик Ким Оңтүстік Корея Үкіметінің Астанадағы халықаралық көрмеге қызы­ғушылығы жайында айтып, оның табысты өтеріне сенім білдірді.
Халықаралық күн тәртібінде тұрған мәселелер жайында әңгімелесу барысында ядролық қарусыздану мен оны таратпау режимін нығайтуға екпін түсірілді. Спикер мен елші жүздесуде екі ел парламентаралық байланыстарын нығайту, Азия парламен­таралық ассамблеясы және Парламен­та­ралық одақ шеңберіндегі байланыстардың тиімділігін тілге тиек етті.
Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*