Швейцарияға алғыс айтты

1190
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның сыртқы істер жөніндегі федералдық кеңесшісі (министрі) Дидье Буркхальтермен жұмыс бабында кездесті.
Қасым-Жомарт Кемелұлы «жасыл» экономика мен балама энергетика сала­сындағы әлемдегі көшбасшылардың бірі Швейцарияға «ЭКСПО – 2017» халық­аралық көрмесіне қатысқаны үшін алғыс айтты.
Сенат төрағасы Қазақстан Швейцария­ны Еуропадағы маңызды әрі сенімді әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. Екі­жақты ынтымақтастық аясында белсенді саяси диалог, ауқымды сауда-эконо­микалық, инвестициялық және гумани­тарлық байланыстар өрістеп келеді.
Кездесу барысында екіжақты байла­ныстарда да, ЕҚЫҰ Парламенттік ассам­блеясымен бірге халықаралық ұйымдар аясында да маңызды рөл атқаратын пар­ламентаралық диалогты нығайтудың келешегі қаралды.
Қ.Тоқаев пен Швейцария сыртқы саясат мекемесінің басшысы ЕҚЫҰ жауапты аймақта «созылмалы шиеле­ністерге» қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*