Елбасы Нобель сыйлығы лауреаттарымен кездесті

1145
0
Бөлісу:

Қазақстан Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығы лауреаттарымен және белгілі экономистермен кездесті. Елбасы дөңгелек үстел жиынының қатысушыларына Х Астана экономикалық форумға келгендері үшін ризашылығын білдірді.

– Сарапшылармен жүздесіп, әңгімелесу әрдайым аса маңызды әрі қызықты. Әсіресе, қазір әлемде елеулі өзгерістер болып жатқанда мұның маңызы зор, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев жаһан­дық технологиялық даму зор қар­қын алып отырғанына тоқ­талып, осы орайда жақында ашыл­ған «ЭКСПО – 2017» халықаралық ма­ман­дандырылған көрмесінің тақы­рыбы өзекті екенін атап өтті. Аста­надағы жаһандық көрмеге
115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысып жатқаны мәлім. Олардың бәрі елордада өздерінің «Болашақ энер­гиясы» тақырыбындағы төл жаңа технологияларын таныс­тырып, инновацияларының тұсауын ке­суде. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақ­стан әлемнің қазіргі ең өзекті мәселесін дөп басып, дәл таныды.
Кездесу барысында Нобель сыйлығы лауреаттары Рае Квон Чунг пен Святослав Тима­шев, сон­дай-ақ Польшаның бұрынғы президенті Александр Квась­невский, Хорватияның бұрынғы президенті Степан Месич, JP Morgan Chase International төрағасы Джейкоб Френ­кель, ЕЭО ықпал­дастыру мәсе­лелерін стратегиялық зерттеу институтының директоры, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті Анатолий Спицин, Халық­аралық өзара іс-қимыл бойынша іскерлік кеңес прези­денті Питер Тичанский, Принс­тон уни­вер­ситетінің тарих профессоры, «Жаһанданудың ақы­ры» бестсел­лерінің авторы Джеймс Гарольд, Нью-Йорк университе­тінің про­фессоры, «Қара аққу» тео­риясының авторы Нассим Талеб, The Boston Consulting Group ди­рек­­торлар кеңесінің төрағасы Ханс-Пол Бюркнер баяндама жасады.
Олардың әрқайсысы белгілі бір салада терең зерттеулермен айна­лысады, тығырық­тан шығарар жолды іздеп, түйінді проблемаларын шешуде жөн-жоба көрсетеді. Сондықтан Елбасы олардың айт­қанын мұқият тыңдап, пікір ал­масты, ықыласын аударған сұ­рақтарға жауап берді.
Соңында Қазақстан Прези­денті дөңгелек үстел жиынына қатысу­шыларға әңгіменің мазмұнды болғаны үшін алғыс айтып, өзекті мәселелерді Астана экономикалық форумы аясында талқылауды ұсынды.
Елдос Сенбай

Бөлісу:

Пікір жазу


*