Дю Солейдің думаны

1862
0
Бөлісу:

Цирк өнерінің шыңына шыққан әйгілі Дю Солейдің Reflekt шоуын астаналықтар 16 маусым мен 9 қыркүйек аралығында тамашалай алады. Цирк ұжымы ел назарына 75 минуттық шоуды 71 мәрте ұсынбақшы.

Бейсенбі күні кешкісін атақты өнер ұжымының алғашқы таныстырылымы сәтті өтті. Reflekt шоуының бас директоры Бернард Пойриенің айтуынша, канадалық композитор Саймон Карпентие еліміздің музыкасын этникалық бағытта жазып шыққан. Классикалық аспап­тармен қатар, домбыраның сазды үні қойылымның құндылығын арттырып тұр.
Көпшілік бұл циркті тек адамдардың қатысуымен өтетінін біледі. Себебі, аңдарсыз-ақ әлемге әйгілі болған өнер ордасы көрермен назарын аудару үшін ең қиын деген трюктерді орын­дайды.
Айта кетейік, Астанада таныстырылымы өткен шоуға 80 өнерпаз тоғыз ай бойы дайын­далған екен. 17 акробат сахна төрінде ең қауіпті сәттерді сәтті көрсете білді. Қойылым LED-экрандар арқылы түрлі мульти­медиялық технологияның да жетісітігін көрсетті.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*