Поляк диаспорасы күніне қатыспақ

648
0
Бөлісу:

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалық­о­ва Польша Сенатының вице-спикері Мария Коц бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қа­зақстан – Польша қарым-қатынастарының қазіргі ахуалын, сондай-ақ саяси, экономика­лық және мәдени-гуманитарлық ынтымақ­тастықтың перспекти­валарын талқылады.

Мемлекеттік хатшы еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық дамуына 32 мың адамды қамтитын поляк диаспорасы өз үлесін қосып отырғанын айтты. Гүлшара Әбдіқалықова Польша тарапына «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысқаны үшін ризашылық білдіріп, осы елдің баламалы энергетика саласындағы жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2018-2019 жылдар аралығындағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттық­тады. Польша Сенатының вице-спикері Қазақстанға «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясындағы поляк диаспорасы күніне қатысу үшін келді.
Осы күні Гүлшара Әбдіқалықова Eurasian Book Fair – 2017 ІІ Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің ашылу салтанатына қатысты. Қатысушы­ларға арнаған құттықтау сөзінде Мемлекеттік хатшы кітап форумының жаһандық маңызды оқиға – Астанадағы «ЭКСПО – 2017» көрмесімен тұспа-тұс келгеніне назар аудартты.
Еуразиялық халықаралық көрме-жәрмең­кесін аралау барысында Мемлекеттік хатшы ұсынылған кітап экспозицияларын тама­шалады. Ол барлық қатысушыларға шығар­машылық байланыстарының терең­деуін және биік кәсіби жетістіктерге жетуін тіледі.

Бөлісу:

Пікір жазу


*