Ынтымақтастық заң жүзінде қолдау табады

1370
0
Бөлісу:

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Президенті Гиоргий Маргвелашвилимен кездесті. «ЭКСПО – 2017» көрмесіндегі Грузия Ұлттық күнінің салтанатты ашылуынан кейін бірден Мәжіліске келген жоғары мәртебелі мейманға Н.Нығматулин халықаралық көрмеге көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысын жеткізді.

Биыл екі ел арасында дипло­матиялық қарым-қатынастың орна­ғанына 25 жыл толады. Осы уақыттар аралығында қос мемлекет арасында сындарлы байланыс орнап, ол жыл сайын тереңдеп келеді. Спикер атап өткендей, Грузия Президен­тінің бұл жолғы сапары өзара ынты­мақтастыққа тың серпін беретін болады.
Н.Нығматулин Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев Грузиямен тату көршілік, достық, тарихи тамыр­ластық аясында барлық саладағы ынты­мақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударатынынан алға тарта келіп, саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гума­нитарлық салалардағы тұрақты даму үдерісін сөз етті.
Экономикалық ықпалдастыққа тоқталған палата төрағасы өткен жылы екі ел арасындағы сыртқы сауда айна­лымының 41 млн долларды құрағанын айтты және екі ел әлеуетін ескере оты­рып, сауда айналымын арттыру қажет­тігіне тоқталды. Сонымен бірге, Нұрлан Зайроллаұлы Грузияның Аджария мен Маңғыстау облысы арасында тікелей экономикалық бай­ланыстар орнату бастамасының ма­ңыздылығына назар аударды. Ол Мәжілістің екі елдің тиімді ынты­­мақ­­­тас­тығын тиісті заңнамалық құ­жаттармен қолдауға дайын екенін білдірді.
Өз кезегінде Грузия Президенті Қазақстанға жеткен сәттен бастап көр­сетілген қонақжайлылық үшін шексіз ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты күшейтудің мүм­кіндігі зор екенін атап өтті. Гиоргий Маргвелашвилидің пікірінше, осы жолда парламентаралық әріптестіктің рөлі өте зор. Айта кетейік, Парламент Мәжілісінде Грузиямен ынтымақ­тастық жөніндегі парламентаралық топ жұмыс істейді.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*