Қазақстан Грузияны транзиттік елге айналдырады

1311
0
Бөлісу:

Елімізге ресми сапармен Грузия президенті Георгий Маргвелашвили келді. Кеше Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі мейманмен Ақордада кездесті. Елбасы Грузия басшысының сапары айтулы оқиғаларға – елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына және «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің ашылуына тұспа-тұс келіп отырғанына назар аударды.
– Сіздің осы сапарыңызға және Гру­зия­ның көрмеге қатысқанына дән ри­за­мыз. Біздің қарым-қатынастарымыз әр кезде де жақсы болды. Елдеріміз тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдарында бір-бірі­не жан-жақты көмек көрсетті. Қазақстан Грузия экономикасының негізгі инвес­тор­ларының біріне айналды. Екіжақты қатынастарды одан әрі жақсартуда еш­қан­дай да кедергі көріп тұрған жоқ­пын. Бұл тұрғыда сіздің сапарыңыздың маңы­зы зор, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Грузия президенті еліміздің даму қар­қынына қызығушылық танытып, Қа­зақстанға келуге көптен ықыласты бол­ғанын айтты.
– Сіздің және халқыңыздың қиын­дық­қа толы осы жылдарда ауқымды жұ­мыс атқарғандарыңызды қазір өз кө­зім­мен көріп отырмын. Грузин халқы сіз­дің еліңіз бен жеке өзіңіз тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылық білдіреді және оны бағалай біледі. Жаңа елордаларыңызда – Астанада болуым ме­нің жүрегіме қуаныш сезімін құяды. Бұл болашақтың нұрымен және қуа­ты­мен тыныстайтын қала екен. Көрге­ні­ме шын сүйсіндім. Бұл ретте Грузия­ның «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қа­­тысуы аса маңызды деп санаймын. Біз онда өз эко­номикамыздың жетістіктерін көрсетіп, дәстүрлі тату көршілік байланыстары­мыз­ды жалғастыра аламыз, – деді Г.Марг­велашвили.
Сондай-ақ Грузия президенті эко­но­ми­калар ынтымақтастығының тұжы­рым­дамасына өз елінің белсене қаты­сып, халықтар арасындағы диалогты да­мытуға жағдай жасап отырғанын атап өтті.
– Сіздің осы бағытта орасан зор жұ­мыс атқарып жүргеніңізді білемін. Біз­дің елдеріміз тәуелсіздікке қол жеткізген сәт­тен бері дәл осы бағытта дамып ке­леді, – деді Г.Маргвелашвили.
Ол өңірдегі ынтымақтастық бойын­ша Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық ұстанымдарына және көзқарас-тәсіл­де­ріне қанығуға ниетті екенін жасырмады.
– Грузия да экономикалардың ық­пал­дастығы мен ынтымақтастығы кон­цеп­циясына белсене қатысуда, оны өзіңіз де жақсы білесіз. Біз жүк пен жо­­­лаушылар тасымалына жағдай жа­сайтын, мүмкіндіктер ашатын елміз. Осылайша, адамдарды жақындастыруға үлес қосамыз. Бұл бағытта Қазақстанның өңір­де орасан зор рөл атқаратынын да бі­лемін. Осы орайда көп жыл бойы көр­сетіп келе жатқан қолдауыңыз үшін тағы да зор алғысымызды айтқым келеді, – де­ді ол. Бұл алғыстың жөні де бар: тран­зиттік елге айналып, әуе, автокөлік, те­мір және кеме жолдары арқылы ха­лық­аралық дәліздерді өрістетіп жатқан Қазақстан бұған Грузия аумағын да кеңі­нен тартуда.
Кездесу барысында грузиндер бас­шы­сы Астанаға қатысты көл-көсір әсері­мен бөлісе отырды. Бұл қала туралы бұрыннан естігенін, көз тоймайтын көр­кіне қайран қалатынын айтты. Жауап ретінде Елбасы оны «ЭКСПО» көрме ке­шеніне барып, павильондарды аралау­ға және онда жасалған жұмысқа баға бе­руге шақырды: «Біз елордамызда тағы бір заманауи аудан тұрғыздық!» деді Н.Назарбаев. Георгий Маргвелашвили бұл шақыруды қабыл алғанын айта кет­кен жөн.
Бұдан әрі жеке отырып, әңгімелескен қос мемлекет басшысы келіссөздер аяқ­тал­ған соң, екі елдің ақпарат құралдары ал­дына шығып, баспасөз брифингін өт­кізді.
Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Қ­а­зақ­стан мен Грузия арасында тату көр­ші­лік пен тұрақты қарым-қатынас ор­нық­қанын атап өтті.
– Бүгін осы жүздесудің болғанына қуа­ныштымыз. Грузия президентінің са­пары дүниежүзілік «ЭКСПО – 2017» көр­месінің ашылуына орайлас келді. Со­ның аясында Грузия павильоны ашы­лады. Қазақстан мен Грузия арасындағы бү­гінгі қарым-қатынастар тұрақты си­пат­қа ие болып отыр. Біз тарихи, дос­тық ынтымақтастығымызды ешқашан үзген емеспіз, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті ауқымы кең мә­селелер бойынша келіссөздер бары­сын­да «Бір белдеу, бір жол» бастамасы ая­сында өзара тиімді іс-қимыл жасау мүмкіндіктері қарастырылғанын айтты.
– Қазір Грузияны да Қазақстан сияқ­ты транзиттік мемлекетке айналдыруға мүм­кіндік бар. Сөйтіп, Қара теңіз арқы­лы Еуропаға шығуға болады. Грузия ар­қылы өтетін газ бен мұнай көлік дәліз­дері де бар. Осыған орай біз Қазақстан ком­па­нияларына тиесілі Батуми мұнай тер­ми­налы мен портының мүмкіндік­те­рін тал­қыладық, – деді Нұрсұлтан Назар­баев.
Мемлекет басшысы бұл жол барлық мүдделі елдер үшін пайдалы болатынын және оның Қазақстанның көлік әлеуетін арттыра түсетінін айтты. Сондай-ақ Қа­зақстан Президенті өзара тиімді сауда ын­тымақтастығының қажеттілігіне тоқ­талып, осы бағыттағы қатынастарды ілгерілетуге ниетті екенін білдірді.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев гу­манитарлық және білім салаларына қатысты қол жеткізілген уағдаластықтар туралы әңгімеледі.
– Біздің мәдени-гуманитарлық қа­ты­настарымыз әрдайым жоғары деңгей­де болды. Соны жалғастыра беру керек. Жас­тарымыз да дәстүрімізді жалғас­ты­рып, қарым-қатынастарымызды дамыта беру үшін университеттеріміз арасында сту­денттер алмасуды жолға қою мүм­кін­діктері туралы әңгімелестік. Грузия
пре­зидентінің Қазақстанға сапары екі­жақты байланыстардың маңызды мә­селелерін шешу үшін біздің үкімет­теріміздің өзара іс-қимылына серпін береді деп сенемін, – деді Қазақстан Пре­зиденті.
Соңында Мемлекет басшысы Г.Марг­велашвилиге сапармен келгені үшін тағы бір мәрте алғыс айтып, барша гру­зин халқына табыс тіледі.
Грузия президенті Нұрсұлтан Назарбаев­қа қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, өзара тиім­ді ынтымақтастықтың кеңейе тү­сері­не сенім білдірді және Қазақстан Пре­зи­дентін Грузияға сапармен келуге ша­қыр­ды.

 

Айхан ШӘРІП

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*