Ынтымақтастық одан әрі жалғасады

896
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ис­па­ния Королі VI Фелипемен кездесті.
Мемлекет басшысы Испания Королін Қазақстанға бірінші рет ресми сапармен келуімен құттық­тады.
– Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Испания біз үшін жақын ел болды. Ұлы тарихы мен мәдениеті қалыптасқан Испаниямен достық қарым-қатынаста болғаны­мыз­ды мақтан тұтамыз. Осы ын­ты­мақтастықтың негізі Король І Хуан Карлостың тұсында қаланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Испания Короліне Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы жан-жақты қолдауы, сондай-ақ халықаралық аренадағы ниеттестігі үшін алғыс айтты.
– Сіздер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төраға болуымызға, сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымызға қолдау білдірдіңіздер. Біз ынты­мақ­тас­тығымызды одан әрі жалғас­тыруға дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы.
Испания Королі Қазақстан Пре­зи­дентіне қонақжайлық көрсет­кені үшін алғыс айтып, елімізді халық­аралық «ЭКСПО – 2017» мамандан­дырылған көрмесінің ашылуымен құттықтады.
– Сапарымның Астанада «ЭКСПО – 2017» көрмесінің таңға­жайып ашылу рәсіміне тұспа-тұс келуі – зор мәртебе. Сізді осындай ұлы оқиғамен құттықтаймын, – деді VI Фелипе.

Бөлісу:

Пікір жазу


*