БОЛАШАҚ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1120
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Татарстан Рес­публикасының президенті Рустам Мин­ни­хановпен кездесті.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Рустам Минниханов Астана мен Қазан арасындағы мәдени және экономикалық ынтымақ­тастық мәсе­лелерін талқылады.
Мемлекет басшысы Р.Минни­ха­новты Ресей күнімен құттықтап, екі ел арасында қалыптасқан дос­тық қаты­настар туралы айтты.
– Ресеймен де, Татарстанмен де ара­мызда достық қарым-қатынас ор­ныққан. Қазақтар мен татарлар та­рихы, мәдениеті, тілі мен әдет-ғұрпы жағынан бір-біріне өте жақын. Эко­но­микалық байланыстарымыз да жақсы. KAMAZ кәсіпорнымен жұмыс жүргізіп келеміз, Алматыдағы тікұшақ зауытына қатысты жобаны іске асырудамыз. Осы және басқа да экономикалық байланыстарды, соның ішінде мұнай химиясына қа­тыс­ты байланысты жалғастыра беру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Татарстан президенті Қазақстанға келген миссиясы туралы айтып, елор­дамыздың жаңа архитектуралық нысан­дарын және «Астана ЭКСПО – 2017» көрме кешенін аралап көргеннен кейінгі әсері жөнінде ой бөлісті.
– Бүгін «ЭКСПО»-дағы экспози­ция­мызды аштық. Сонымен қатар Қа­зақ­стандағы серіктестері­мізбен бірге болашақ жоспарларымызды талқы­ладық. Көрме кешені мені қайран қалдырды. Сізді көрменің ашылуымен құттықтаймыз, – деді Р.Минниханов.
Кездесу соңында Р.Минниханов Қазақстан президентін «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапаттап, Мемлекет басшысын Татарстанға келуге ша­қырды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*