Елбасы телефон арқылы сөйлесті

899
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында Өзбекстан пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевқа биылғы 8-9 маусымда Астанаға келген өзбек делегациясына қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Сонымен қатар екі ел көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын талқылап, күн тәрті­біндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*