Көкжиегі кең әдеби биеннале

1391
0
Бөлісу:

 «ЭКСПО – 2017» көрмесіне арналған мәдени іс-шаралар аясында Ұлттық кітапханада маусымның 12-14 аралығында «Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы» атты халықаралық әдеби биеннале өтеді. 

Бұл мәдени шараны Президент Әкім­ші­лігі, Премьер-министрдің кеңсесі, Мәдениет және спорт министрлігі, Сырт­қы істер министрлігі, Ақпарат және ком­му­­никациялар министрлігі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық ко­мис­­сиясы, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) аймақтық өкілдігі, «Ақ Орда» Рес­пуб­ликалық қозғалысының Құрметті төра­ға­сы Қайрат Сатыбалдыұлының қолда­уы­мен Ұлттық кітапханасы және Қазақстан Жа­зушылар одағы ұйымдастырып отыр. Биен­­налеге әдебиет бойынша Нобель және басқа да мәртебелі сыйлықтардың лау­­реаттары, белгілі ақын-жазушылар, әлем­дік ғылым және мәдениет қайраткер­ле­рі қатысады.
Биеннале – әлемдік мәдениеттердің көптүрлілігіне құрметтілік және әлем ел­де­рі авторларының тең құқықты тілдесуі, сұх­баттасуы. Басты мақсат – бүгінгі таңда әдебиетшілердің шығармашылық әлеуетін пайдалана отырып, ұлттық құндылықтары­мыз­ды насихаттау және әлемге таныстыру. Сондай-ақ еліміздің әдеби, мәдени кеңіс­ті­гін әрі қарай кеңейтуге үлес қосу.
Биенналеге әлемнің 20-дан астам елі­нен барлығы 100 қатысушы, оның ішінде 40-тан астам шетел қонақтары қатысады. Биеннале бірнеше маңызды бағдарламаны қамтиды, оның ішінде: «Орталық Азия-Араб әлемі: тарих пен мәдениеттің өзара ықпалдастығы» атты халықаралық ғылы­ми-тәжірибелік конференция, Биб­лио-түн, «Қоғамның рухани жаңғыруын­да­ғ­ы кі­тап­ханалардың рөлі» атты дөңгелек үс­тел, «Ұлттық авторларды ағылшын тіліне ау­­дару» атты пікір алмасу. «Маған кітап оқып берші» атты халықаралық акциясын бас­тауы, кітап экспозициялық және фото­көр­мелер, арнайы экскурсиялық бағдар­ла­ма­лар, әлемге танымал жазушы­лар­­­мен кездесулер. Халықаралық әдеби биен­нале қорытындысы бойынша, әлем мәдениеті қайраткерлеріне үндеу қабыл­дан­­бақшы.
Ұлттық кітапхана «Әлем әдебиеті қыз­ме­тінің» оқу залында осы әлемдік мәдени шара аясында «Шекарасыз кітап» атты ке­ңей­­тілген кітап көрмесін ұйымдастырды. Кі­тап көрмесі бірнеше бөлімдерді қам­ти­ды: «БҰҰ-ның тұрақты дамуының мақсаты және Қазақстан» бөлімінде БҰҰ-ның Қа­зақ­­стандағы қызметіне 25 жыл толуына орай және мемлекеттер мен халықтардың білім, ғылым және мәдениет салаларын­да­ғы ынтымақтастығын дамыту арқылы әлем­де­гі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға байланысты әртүрлі басылымдар бар.
«ЮНЕСКО және Қазақстан» бөлімінің мақ­саты – мәдени және рухани игілікте тә­жі­ри­бе алмасуға мүмкіндік жасау. Онда Еуропа, Азия және Қазақстан халықтары арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға байланысты басылымдар қойылған.
Оқырмандар түркітілдес елдердің мә­де­ние­ті мен әдебиетінің өзара әрекеттестігі туралы көрменің тағы бір айшықты бөлімі арқылы кеңінен танысады. ТҮРКСОЙ ха­лық­­­аралық ұйымына мүше елдер ақын-жазу­шы­ларының кітаптары – мәдени және әдеби қа­рым-қатынасты нығайта түсетін игі ша­ра­лар­дың бірі. Түркі халықтарының тарихын, тілі мен әдебиетін, мәдениеті мен өнерін да­м­ы­тып, ортақ мәдени мұраларды әлемдік дең­гейде көтеру мақсатында және болашақ ұрпақтарға мәңгілік мақсат тұтатын халық­ара­лық ТҮРКСОЙ ұйымының атқарып жат­қан маңызы зор қызметтерін ерекше айтуға болады. ТҮРКСОЙ-дың қажырлы жұмыс­та­ры­ның бір айғағы және оның дәлелі ретінде Қа­зақстанның белгілі ақын-жазушыларының кі­таптары түрік тіліне аударылып, түркі әле­мі­нің рухани мұрасына қосылды. Оның ішінде Р.Отарбаев, Б.Шаханов, С.Елубай, Н.Оразалин, Б.Нұржекеұлы, Т.Әбдік, М.Бай­ғұт, Н.Қапалбекұлы, О.Сүлейменов, Ұ.Ес­дәу­ле­­тов, т.б. шығармаларын атауға болады.
Сонымен қатар көрмеге кітапхана қорына бай шығыс әдебиеттерінің коллекциясынан араб, парсы, үнді тілдеріндегі құнды кітаптар қо­йылса, француз, фин, ағылшын, поляк, қы­­тай, корей, орыс тілдеріндегі сирек кітап­тар мен қазіргі заманғы белгілі ақын-жазу­шылардың таңдаулы шығармалары қойылған.
Қазіргі кезде кітап барлық әлемде қол­же­тімді, яғни, кітапта шекара болмайды. Көрме­ге биеннале қонағы дәрігер және қоғам қай­рат­кері, Фин парламентінің эксдепутаты Илк­ка Тайпаленің еңбектері қойылған. Оның ішінде автордың «Финляндияның 100 әлеу­мет­­тік инновациясы» атты кітабы қазақ тілін­де көрмеге қойылды және бүгінгі таңда қалың оқырман қауымның жоғары сұранысына ие. «Әлем әдебиеті» қызметінің кітап қорындағы ағыл­шын тіліндегі білім салалары бойынша және көркем әдебиетке деген тұрақты оқыр­ман­дардың қызығушылығы мен сұраны­сы күннен күнге артуда.
«Әлем әдебиеті» қызметінің кітап қорын­да орыс әдебиетінің бай мұрасы жинақталған. Оқырмандарға қажетті кітаптарын табуға ың­ғай­лы ашық қорлар ұйымдастырылған.
Көрмеде биеннале қонақтарына тәуел­сіз­дік жылдарында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойын­ша Қазақстанның тарих және мәдениет сала­ларына байланысты қытай, орыс, батыс, араб, түрік, армян, парсы елдерінен әкелінген дерек­көздерден жинақталған кітаптары ұсы­ны­­лады. Кітап көрмесіндегі әлем елдерінің кі­тап­тары – бүгінгі мәдениет пен әдебиетке бай­ланысты қазақ оқырманының рухани қа­же­тін өтейтін көркемсөз бен көркемөнер ие­ле­рінің тың тынысын байытар асыл қазына. Жал­пы кітап көрмесіне 250 аталым мәдениет, білім, ғылым және көркем әдебиет туралы қазақ, ағылшын, араб, парсы, түрік, фин, фран­цуз, поляк, қытай, корей және ТМД ел­де­рінің тілдеріндегі кітаптар қойылды.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Өзінің биік, таза рухани қасиетімен кітап-мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап – адамзат баласына шексіз бі­лім сыйлайды» деп атап айтқанындай, бү­гін­­гі таңда кітаптарды жан-жақты насихат­тау арқылы білімді ұрпақ тәрбиелеу – кітапха­на­шы­лардың басты мақсаты.
Осындай халықаралық әдеби биенналидің ая­сында әлемнің түкпір-түкпірінен еркін интеграциялық байланысқа шығып, ел мен ел­дің арасын жақындастырып, жаңа бағытта мә­дени ынтымақтастық орнатудың Қазақ­стан елі үшін маңызы өте зор.

Қаншайым ИЗАМБЕКОВА,
ҚР Ұлттық кітапханасы
Әлем әдебиеті қызметінің топ жетекшісі

Бөлісу:

Пікір жазу


*