ҚазҰУ-да Шағын «ЭКСПО» орталығы бар

941
0
Бөлісу:

Әлемдік деңгейдегі «ЭКСПО – 2017» шарасы қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен «Жасыл» технологиялар орталығы ашылды.
Шара аясында «жасыл техно­ло­гиялар» аймағы мен «Аквапоника» кешенінің тұсаукесері өтіп, ҚазҰУ технопаркінде университет студент­тері мен ғалымдарының ғылыми жо­­­­ба­­лары және зерттемелері таныс­тырылды.
«Жасыл» технологиялар орта­лы­ғы қуат алудың түрлі технологиялары: жел, күн, гидро мен геотермалдық, биогаз және сутектік энергетиканы қолдану арқылы «жасыл» энергетика бойынша инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін «Шағын ЭКСПО» рөлін атқарады. Осы мақсатта орта­лық аумағында жылу сорғысы, био­газ алу құрылғысы, сутектік және жел­дік генератор сынды барлық қа­жет­ті баламалы қуат көздерінің қыз­меті біріктірілген.
– Әлемдік «ЭКСПО – 2017» көр­­месі − Елбасының ірі жобасы. Бұл ша­раның мақсаты − жаңа әрі «жа­сыл» технологияларды енгізу арқылы Қа­­зақстанның дамуына ерекше сер­пін беру. Сондықтан біз алдыңғы қа­­­­­тарлы университет ретінде «жа­сыл» технологиялар аймағын құр­дық, – дейді әл-Фараби атындағы Қаз­­ҰУ ректоры Ғалым­қайыр Мұтанов.
Университет басшысының айтуын­ша, мұнда студенттер жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін игеріп, зерттеу жұмыстарымен айналысатын болады. Орталықта заманауи технологиялар мен ғылым­ды қажетсінетін инжиниринг не­гі­зін­де жаңа формация маман­дары­ның тәжірибелік дайындығы жүр­­­­­­гізілуде. Сондай-ақ универси­тет­те қазіргі таңда жаңғыртылатын энер­гетика бойынша бірнеше жаңа технологиялар енгізілген.
Plant Factory (Өсімдіктер фаб­рикасы) инновациялық техно­ло­гиялары пайдаланылатын орталықта қазірдің өзінде сәндік гүлді және же­міс­ті-көкөністі дақылдарды өсіру үшін энерго үнемді жылыжай сәтті жұ­мыс істеуде. Мұнда өсімдік өнім­де­рін гидропоникада өсірудің түрлі тех­нологиялық тәсілдері қолда­ны­лады.
ҚазҰУ кампусы аумағында эко­ло­гиялық тұрақты әрі қолайлы «жа­сыл» орта қалыптасуда. Суы таза­ла­на­тын арнайы құрылғылармен жаб­­дықталған «Кереңқұлақ» өзе­ні­нің сағасын ретке келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Өзен суы қолдан жасалған «Аквапоника» эко­жүйе­сінде қолданылатын болады. Бұл студенттер, университет қала­шы­ғының қонақтары мен Алматы қала­сы тұрғындары демалатын бірегей орын ғана емес, білімгерлерге бағалы әрі әдемі балықтар мен өсімдіктерді өсіріп, оларға күтім жасауды үйре­тетін тәжірибелік база болмақ.
ҚазҰУ ғалымдары «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысады. Олардың көмірсутекті газ қоспасын компо­нент­­терге бөлу; жылу электр стан­сы­ла­­рының тиімділігін арттыруға ар­нал­ған плазмалы-отындық жүйелер; жы­лу және электр энергиясын алуға ар­налған автономды күн қондыр­ғысы; планерлы концентрат қосыл­ған кремнийлік күн батареясы сын­ды инновациялық жобалары мен тех­но­­логиялары «Қазақстан» ұлттық пави­ль­онында ұсынылатын болады.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

 

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*