ҚАЗАҚСТАН – ҚОНАҚЖАЙ ЕЛ

1116
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесті.
Мемлекет басшысы кездесуде Сыртқы істер министріне, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары­ның кеңесіне «ЭКСПО – 2017» халық­аралық көрмесінің ашылуына қа­тысуға келгені үшін алғыс айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Иранда өткен сайлауда қазіргі президент Х.Руханидің жеңіске жеткені туралы хабарды ризашы­лықпен қабылдағанын атап өтті.
– Мені ислам әлемінде орын алып отырған қарама-қайшылықтар қатты алаңдатады. Өзара түсіністік пен сенім тезірек орнайды деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентіне қонақжайлылық көрсет­кені үшін ризашылығын білдірді.
– Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейде. Әсіресе, сіздің және Иран президентінің өзара жасаған сапарларыңыздың арқасында қарқынды дамуда, – деді М.Зариф.
Сондай-ақ М.Зариф Қазақстан­ның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұ­рақты емес мүшесі болып сай­лануы­мен құттықтады.

 

 Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*