КӨРМЕ БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

1238
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.
Мемлекет басшысы Г.Бердімұхамедов­ке Астанадағы «ЭКСПО – 2017» ха­лық­аралық көрмесінің ашылуына шақыруын қабыл алғаны үшін алғыс айтты.
– Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысы аяқталып, оның қорытындысы бойынша ұйым қатарына екі жаңа мем­лекет – Үндістан мен Пәкістан қабыл­данды. Бүгінде ШЫҰ дегеніміз – бұл 4 ядролық держава, адамзаттың тең жартысы және әлем экономикасының 30%-ға жуығы, – деді Мемлекет басшысы.
Түркіменстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшін ризашылық білдіріп, «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі зор екенін атап өтті.
– Осындай іс-шараға қатысып отыр­ғанымызға қуаныштымыз. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы өте қызықты және көрме аясындағы көптеген мәселелер ел­деріміз үшін маңызды. Солардың қатарын­да экология мәселесі де бар, – деді Түркіменстан президенті.
Кездесу соңында Г.Бердімұхамедов Қазақстан Президентін биылғы қыркүйек айында Ашхабадта жабық ғимаратта өтетін және жауынгерлік өнер сынға түсетін V Азия ойындарын тамашалауға шақырды.

 

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*