Диқандарда дамыл жоқ

1168
0
Бөлісу:

Биыл Қарағанды облысында аймақта 1С-Агро жүйесі пилоттық режимде іске қосылады. Бұл жүйе барлық өндіріс учаскелерін басқару орталығына шоғырландырып, егісті, дән қоймаларын, ЖЖМ көлемін қадағалап отырады.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жұмыс сапарымен Бұқар жырау және Осакаровка аудандарында болып қайтты. Аймақ басшысы көктемгі егіс бары­сымен танысып қайтты. Ауа райының қолайсыздығы егін егу жұмыстарын сәл кідіргеніне қарамастан, диқандар бекітіл­ген мерзімге дейін барлығын реттеп, ер­терек аяқтауға тырысып жатқандарын айтты.
Қарағанды облысында биылғы жылы жазғы егіс 823 мың га аумаққа салынады деп жоспарлануда. Оның ішінде дәнді-дақылдары және бұршақ дақылдылары – 748 мың га, майлы дақылдар – 14 мың га, жемдік – 43 мың га жерге егіледі. Сонымен қатар картоп – 9,1 мың га, көкөністер – 1,4 мың га аумаққа отырғызылады деп жоспар­лануда. Егіс компаниясына 20 мың ауылшаруашылық техникасы, оның ішінде 5600 трактор, 162 егін кешендері және 6 000 дән сепкіш машиналар жұмылдырылды. Бүгінгі күнге жоспарланған жұмыстың 65-75% орындалды.
Бұқар жырау ауданында облыс әкімі «ПК имени Кирова» ЖШС, «Нұр-СХ» ЖШС-нің картоп және дәнді-дақыл алқаптарында, сонымен қатар Қарағанды өсімдіктану және селекция ғылыми-зерттеу институтының («ҚӨСҒЗИ» ЖШС) тәжіри­белік алқаптарында болып қайтты.
Ерлан Қошанов картоп егушілерден неліктен маусым аралығында олардың өнімдерінің бағасы шарықтап кететіні туралы сұрады. «Бірінші кезекте, облыс қажеттіліктерін өтеу керек, содан кейін ғана өнімді сыртқа шығару керек», – деді ол.
Дәндерді зерттеуді дамыту мәселесі институт мамандарымен талқыланды. «ҚӨСҒЗИ» ЖШС директоры Дамир Қалдыбав бұл мақсаттарға шамамен 70 млн теңгеге жуық қосымша қаржы қажет екенін жеткізді. Облыс әкімі бұл мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігімен талқылауды ұсынды. Сонымен қатар институт құс өсірумен айналысуды жоспарлап отыр. Қаздар мен үйректерді өсіру жобасын құрған.
«Өсімдік өсіруге келер болсақ, біз барлығын автоматтандырмақпыз. Биыл 1С-Агро жүйесін пилоттық режимде іске қосамыз. Бұл жүйе барлық өндіріс учас­кілерін басқару орталығына шоғыр­лан­дырады. Біз егісті, дән қоймаларын, ЖЖМ көлемін қадағалап отырамыз. Осы жылы алқаптарды серіктік жүйемен бақылауға келесімшарт жасадық», – дейді Дамир Қалдыбаев.
Осакаровка ауданына облысымыздың барлық егіс алқабының үштен бір бөлігі тиесілі. «Осы жылы дәнді-дақылдар 291 мың га жерге егіледі. Ол 2016 жылмен салыстырғанда12 800 гектарға көбірек. Өткен жылы біз егісті 36 мың гектарға ұлғайтқан болатынбыз. Жазғы егіс те ұлғайды, ал кортоп егу төмендеп кетті. Себебі, суару құрылғыларын әзірлеп үлгермедік. Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстың 60% орындалды, – деп есеп берді облыс әкімі алдында аудан басшысы Қайрат Шайжанов.
Аудан әкімінің айтуынша, облыстық билік өкілдерінің көмегімен ЖЖМ-ды жеңілдетілген бағамен жеткізу мүмкіндігі туған. «Ауданымызға 5700 тонна арзанда­тыл­ған дизель отыны қарастырылған. Қазіргі таңда құны 123 теңгеге түсетін 4300 тонна отынға келісімшарт жасалды. 2700 тонна таңдалды», – деп хабарлады Қайрат Шайжанов.
Ерлан Қошанов ауылшаруашылық айналымына игерілмей жатқан жерлерді қайтару мәселесін еске салды. «Бұл ретте өте қатаң әрекеттер етіп, заңда қарастырыл­ған шараларды қолдану керек. Облыс бойынша пайдаланылмай жатқан барлық жерді қайтарып, оны өңдей алатын адамдардың қолына берген жөн»,– деп атап айтты аймақ басшысы.
Осакаровка ауданында облыс әкімі «Жаңа Ай» және «Найдоровское» ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшыларымен және жұмыскерлерімен кездесті.
Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*