Даму сценарийлері қаралды

Үкімет үйінде Премьер Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру бойынша ел экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс аясында экономика дамуының негізгі макроэкономикалық сценарийлері қаралды. Олар экономикалық өсім қарқынын жылдам қалпына келтіруді қамтамасыз етеді және ол өсімді әлемнің дамыған 30 озық елінің қатарына кіруге қажетті деңгейге жеткізеді.
Жиында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің және Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың баяндамалары тыңдалды.
Осы күні Бақытжан Сағынтаев CNPC директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илин бастаған CNPC өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласында одан әрі ынтымақтастықты дамытуды талқылады.
Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев CNPC директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илинь бастаған CNPC өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласында одан әрі ынтымақтастықты дамытуды талқылады.
Ерік ЕРДЕНОВ