Бизнеске баулуда іргерілеу бар

1042
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы­на «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палата­сы­ның қазіргі қызметі жөнінде мәлімет беріл­ді.
Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығына тоқталып, бұл бағыт бойынша мемлекет қабылдаған шаралардың нәтижелерін атап өтті.
– Соңғы кезде біз құқық қорғау және жергілікті органдар тарапынан шағын және орта бизнесті қолдауға арналған көптеген маңызды шешімдер қабылдадық. Мұның ішінде шағын несие беру мәселесі де, жұртты бизнеске үйрету мәселесі де бар, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтардағы іс-қимылымен, оның ішінде жұртшылыққа бизнес жүргізу негіздерін үйрету саласындағы жұмыстарымен танысты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*