Қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция

1309
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ритц-Карлтон» қонақүйінің ашылу рәсіміне қатысты.

Елбасы Астанада бес жұлдызды ал­ғаш­қы халықаралық премиум-класты қо­на­қүйдің ашылу рәсіміне қатысты. Қонақүй Talan Towers көпфункционалды кешенінің ғимаратында орналасқан.
Нұрсұлтан Назарбаев астаналықтарды, инвесторларды және құрылысқа қатысқан барлық азаматтарды қонақүйдің ашылуы­мен құттықтады.
– «ЭКСПО – 2017» халықаралық көр­ме­сі қарсаңында елорда тұрғындарына та­ғы бір сыйлық жасалды. Бұл – әлемдік деңгейдегі «Ритц-Карлтон» қонақүйі. Оның құрылысына сапалы технологиялар мен стандарттар қолданылып, қысқа мер­зім ішінде бой көтерді. Бұл – қала инф­ра­құры­лымына салынған зор инвестиция, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті Астананың жо­ғары деңгейлі қонақүй кешеніне ие бол­ғанын атап өтті.
– Қонақүй құрылысына Қазақстанның ком­паниялары қатысты. Жаңа ғимаратта ең жоғары деңгейдегі іс-шараларды өтк­і­зуге, жоғары мәртебелі меймандарды қа­был­дауға қажетті барлық инфрақұрылым бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Елбасы Құрметті қонақтар кітабына қол­таңба қалдырды.
Айта кетейік, Астананың сол жаға­лауын­дағы Talan Towers кешенінің жал­пы алаңы – 120 мың шаршы метр. Онда Talan Towers Offices, «Ритц-Карлтон» қо­нақүйі, SPA орталығы, бизнес орта­лық және
Emporium сауда галереясы ор­наласқан.

Бөлісу:

Пікір жазу


*