Президент Жоғарғы сот басшысын қабылдады

1211
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысына «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сот реформасын іске асыру және сот төрелігін атқару жұмыстары жөнінде есеп берілді.
Елбасы сот жүйесінің және бүкіл құқық қорғау саласының алдында тұрған жұ­мыстардың ауқымды екенін атап өтті.
– Азаматтар сотқа сенім артып, көмек алу үшін жүгінгенде, шешім әділ болып, олардың құқықтары нақты қорғалғанда ғана заңның толық үстемдігі қамтамасыз етіледі. Қазір олай деуге әлі ерте, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы сот процесінде жарыспалылықтың жоқтығына тоқта­лып, адвокатураның дамуы әлсіз екеніне де назар аударды.
– Сот жүйесін жетілдіру жөніндегі барлық шаралар кешенді түрде атқа­рылуы тиіс. Жергілікті полиция жұ­мы­сына сын айтылуда. Бизнеске және салыққа қатысты тексерулер саны азаймай отыр. Осы саладағы жұмысты жөнге келтіру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қ.Мәми Мемлекет басшысына құқық қорғау саласында жүзеге асырылған реформалар сот жүйесіне оң әсер еткенін баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қоры­тындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*