Орманшыларға қолдау көрсетіледі

1250
0
Бөлісу:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жалпы отырыстарында сенаторлар қолданыстағы заңнамаға өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістерді екінші оқылымда қарап, құптады. Тиісінше, бұл заң енді «Парламент қабылдаған» болып есептеледі және Елбасының қол қоюына жіберіледі.

«Кейбір заңнамалық актілерге өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы биологиялық әралуан­дықты сақтау үшін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық жә­не өзге де жағдайларды жа­сау­ға бағытталған. Атап айт­қан­да, орман және аң аулау ша­руашылығы, ерек­ше қор­ға­латын табиғи аумақтар саласындағы қолданыс заң­на­масына, сондай-ақ эко­логиялық және өзге де аралас заңнамаға түзетулер енгізу көзделіп отыр.
Заңда жекелеген бап­тар ор­ман­ды пайдалану, ба­лық шаруа­шы­лығы қыз­меті, жануарлар дү­­­ниесі объек­ті­лерін жасанды өсіру­­ді, жануар­ларды елімізге әке­­лу және әкету мәселелерін қарас­­­тырады. Мемлекеттік, ұлтт­ық парктер мен олардың қорғалатын аймақтарының аумақтарын пай­да­лану тәртібі нақтыланып, биос­фералық резерваттардың құқықтық тәртібі белгіленеді.
Заңның сала мамандарын қуантар жаңалығы бар: ол бойынша 2019 жылғы 1 қаң­тардан бастап, ор­ман шаруашылығы мен ерек­ше қорғалатын табиғи ау­мақ­тар қыз­меткерлерінің лауа­зым­дық ең­бекақылары 25 пайыз­ға жоғары­ла­тылады.
Құжаттың тағы бір жаңа­лығы сол, Қазақстанда сек­сеуіл сауда­сына шектеу қойыл­мақ. Бұған дейін елі­міз­де сексеуіл ағашын ша­буға тыйым салынған болатын. Бұл тыйымды бұзғандарға үлкен көлемде айыппұл са­лынады немесе олар бас бос­тандығынан айырылуы да мүмкін.
Бұл ретте заң жобасымен қол­даныстағы «Сауда қызме­тін реттеу туралы» заңға жаңа норма енгізіледі және ол сек­сеуіл аға­шынан жа­сал­­­ған өнімдердің саудасына жол бермейді.
«Орман саласын қолдау және сауықтыру бойынша бірқатар шешімдер қабыл­данды, олардың ең басты­лары – 2004 жылы бө­рене ағаштардың экспортына тыйым салынды және сексеуіл ормандарында ағаш кесудің барлық түріне мораторий жарияланды. Бірақ бұл ше­шім­дерді толықтыруға тура келді. Қылқан жапырақты ормандарда санитариялық мақсатта және өртенген орман ағаштарын кесуге тыйым салу мәселесі қарас­тырылуда. Сексеуілге байланысты та­биғи қалдықтарды да қол­дануға тыйым салынды» деп хабарлаған болатын бұдан бұрын Ауыл шаруа­шылығы министрлігі.
Жалпы отырыста сена­торлар 2015 жылғы 8 қыр­күйектегі «Та­би­­ғи теріден жа­салған киім зат­та­ры, киімге керек-жарақтар жә­­не өз­ге де бұйымдар» тауар пози­­ция­­­сы бойынша тауарларды ба­қы­­лау (идентификациялау) бел­­­гі­­лерімен таңбалауды енгізу жөнін­дегі пилот­тық жобаны 2015-2016 жыл­дары іске асыру туралы келісім­нің қолданылу мерзімін ұзарту жө­нін­дегі хаттаманы ра­ти­фи­ка­ция­­лады. 2017 жылы пилоттық жо­ба нәтижелеріне талдау жүргізу қажет­тігіне байланысты Келісімнің қолданылу мерзімі 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылатын болды.
Сондай-ақ сенаторлар Қа­зақстан мен Азия даму банкі ара­сындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялады. 2016 жылғы 7 желтоқсанда Астанада қол қойылған бұл келісім аталған ха­лы­қа­ралық банктен «Ақтөбе – Мақат» автомобиль жолын реконструкциялауға 240 мил­лион 300 мың доллар мөлшерінде қарыз алуды көздейді. Бұған қоса, осы жолға республикалық бюд­жеттен бірлесіп қаржы­лан­дыруға 32 миллион 765 мың доллар бөлінеді. Қарыз 5 жыл­дық жеңілдікті ке­­зең­ді қоса алғанда, 18 жыл мер­­­­зімге беріледі. Сенаттың қар­жы және бюджет комитетінің мү­­шесі Е.Мұқаев бұл заң­ның маңыз­ды­лы­ғына тоқ­та­ла келе, жол­дар­дың бойын­да демалатын орын­дар, уақыт­ша көлік тоқтау алаң­дары, та­мақтану, сауда-сат­тық пунк­­тері, техникалық қыз­мет көр­сету стансалары, қала­лар­дың кіреберісінде көлік жуу пунк­тері, авариялық ша­қыру бай­ланысы, жол­дар бойындағы елді мекен­дер­дің тұсында жол жа­ғасын­дағы бизнес мүлдем жоқ­тың қасы екендігіне Үкі­мет­тің назарын аударды. Се­­на­тор­дың пікірінше, мұн­­дай қадамдар жүзеге асы­рылса, халықаралық транзит­тік бағыттың бәсекеге қа­білеттілігін арттыруға сеп­тігін тигізеді.

Дайындаған Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*